отдел образования Сайрамского района
Сайрам ауданы білім саласы бойынша жалпы мәлімет
Ауданда 104 мектеп, оның 76-орта,
25-негізгі, 3-бастауыш,
оның ішінде 33 қазақ,
3 орыс,
43 өзбек,
25 аралас тілдегі мектептер және 1 мектеп интернат,
2 музыкалық мектеп,
10 балабақша бар.
Жалпы мұғалімдер саны 6713 болса, оның 6367-сі жоғары, 346-ы арнаулы орта білімді.896-ы жоғары санатты (13%), 1879-ы 1-ші санатты (30%), 2121-і санатты ІІ (32%), 1817 мұғалім біліміне байланысты жұмыс істейді. Оқушылар саны 1-11 сыныпта 64326, даярлық тобында 5980, барлығы 70306 оқушы болды, ал балабақшаларда 1185 бала тәрбиеленуде.
Оқыту тілі бойынша оқушылар саны:
Жалпы оқушылар саны:
Сыныбы Оқушылар саны Сынып комплекті
1-4 сынып 24094 1201
5-9 сынып 31550 1463
10-11 сынып 7936 363
1-11 сынып 63580 3027
Дайындық тобы 5451 287 топ
жиынтығы 69031 3314
Білім қоры.
2009 жылы жергілікті бюджеттен білім қорына 2000 балаға 53 871,0 мың теңге қаржы қаралды, 2010 жылы жергілікті бюджеттен білім қорына 2309 балаға 68191,0 мың теңге қаржы қаралды. Атап айтқанда: ыстық тамаққа 17769,0 мың теңге берілсе, биылғы жылы алғаш рет жазғы демалыста лагерьде 300 баланы демалдыруға 2250,0 мың теңге бөлінді, ал киім-кешекке 23316,0 мың теңге берілді.
2008 жылы 103 мектептің 99 – да медициналық кабинеттер болған болса ал медбикелер саны 147 болған. Биылғы жылы 104 мектептің 101 медициналық кабинетте 149 медбике жұмыс атқаруда, 2 мектепте (Бескепе НМ, Қызыл Жар БМ) бұрыш ұйымдастырылған, Айкөл БМ – де штат қысқаруына байланысты медициналық кабинет ашылмады, бірақ оқушылар ауылдық ФАП – қа бекітілген.
2009-2010 оқу жылында мектеп оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі
Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің кітапханаларында 127 кітапханашы жұмыс жасайды, оның ішінде 60-сы жоғары білімді кітапханашы, арнаулы орта білімді 23 кітапханашы, педагогикалық жоғары білімдісі 34, арнаулы орта педагогикалық білімдісі 10.
2009-2010 оқу жылында мектеп кітапханаларындағы жалпы кітап қоры 1 421556 дана, оның ішінде оқулық қоры 795843, әдеби-әдістемелік кітаптар саны 803144 дана. 54285 оқушы мектеп кітапханасында оқырман болып тіркелген, бұл аудан оқушыларының 84 пайызын құрайды. 24 кітапханада оқу залы бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысын және облыстық білім басқармасының 2009 жылғы 22 сәуірдегі №292 бұйрығын басшылыққа ала отырып мектеп оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы » № 173 қаулысына сай тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуге тиісті отбасы балаларының, сыныптар бойынша есепке алынып, жергілікті әкім бекіткен тізімі жасалынып, мектеп кітапханасындағы оқулықтар бірінші кезекте сол балаларға берілді. Биылғы оқу жылында мектепке келген 64326 оқушының қаулы бойынша 35852-сі, 56 пайызы тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуге тиіс болса, біздің аудан оқушыларының 84 пайызы - 54033 –сі тегін оқулықпен қамтамасыз етілді. Ал қалған 16 пайзы 10293 оқушы ата-ана есебінен қамтамасыз етілді.