sayram.kz/abb
отдел образования Сайрамского района
Отдел образования Сайрамского района www.sayram.kz/abb 2010 год
Сайрам аудандық білім беру бөлімінің бастығы Гүлнәр Бермаханбетқызы Нұртанова
   Г. Нұртанова - 1964 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1985 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын "математика" мамандығы бойынша бітірген.
   Еңбек жолын 1985 жылы №7 Қ.Спатаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1992 - 1994 аралығында Сайрам аудандық әдістемелік кабинетінің математика пәні бойынша әдіскері.
Әдіскерлік қызметінде математика пәні мұғалімдерінің инновация және жаңа технологияларды игеруіне, Әлемдік және отандық озық тәжрибелерді үйренулеріне, біліктіліктерін жүйелі арттыруларына, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал етті. 1996 - 2002 жылдар аралығында Сайрам аудандық білім бөлімінің маманы, бас маманы қызметтерін атқарған. Мектептердің материалдық - техникалық базаларын арттыру және барлық мектептерді компьютерлендіру, электрондық оқулықтарды алуды тиімді жүйеледі. 2002 жылдың маусым айынан "Күншуақ" балалар бақшасының меңгерушісі, 2004-2005 жылдар аралығында Сайрам аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдың қаңтар айынан 2006 жылдың қаңтар айына дейін Сайрам аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі. 2004-2006 жылдарда ауданда жаңа типтік мектептер салу, балабақша ашу, мектептерді күрделі жөндеулерден өткізу педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, білім-тәрбие сапасын арттыруға қол жеткізді.
   2006-2009 жылдары Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. Сонымен қатар аудан әкімінің "Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі" аудандық комиссия төрайымы орынбасары ретінде ауданда гендерлік саясаттың жандануына мол үлес қосты.
Қазіргі таңда яғни 2009 жылдан бері аудандық білім беру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеуде.
<<<Документы РайОНО>>>