Оглавление

Жаңа оқу жылындағы басты бағыттар. 1

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ.. 3

2008-2009 оқу жылында ҰБТ тапсыру қорытындысы.. 3

Тәрбие мәселесі 6

Әдістемелік жұмыстар. 7

Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес. 8

Алдағы міндеттер: 9

 

Жаңа оқу жылындағы басты бағыттар.

            Сайрам аудандық білім беру бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Заңдарын, «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы №1180 Қаулысымен бекітілген: «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары», «Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Үкіметінің нормативті актілерін және аудан әкімдігінің 21.01.2006 жылғы № 22 Қаулысымен бекітілген жарғысын басшылыққа ала отырып жүргізеді.

Мекеменің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен  практика жетістіктері негізінде және адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.                                           

Қазіргі таңда ауданда 10 мемлекеттік және 1 жекеменшік балалар бақшасы жұмыс жасайды. Онда 1116 тәрбиеленуші қамтылған.

Балаларға үш жастан бастап міндетті білім беру іске асырыла бастады. Бес жастағы балалардың 85 пайызы  мектепалды дайындық тобына тартылды. 15 пайызы қысқа мерзімді оқыту топтарында тәрбиеленуде.

Аудандағы 103 мектеп жұмыс істесе, жалпы мұғалімдер саны 6748 болса,  оның ішінде 6366 мұғалім жоғары, 382 мұғалім арнаулы орта білімді. Жалпы 6748 мұғалімнің 846-сы жоғары санатта, 1803 мұғалім 1-ші санатта,  2181 мұғалім 2-ші санатта, 1918 мұғалім біліміне байланысты жұмыс істеуде. 

Аудандық білім беру саласын қаржыландыруға 2008 жылы   4943945,0 мың теңге жұмсалса, 2009 жылы  5798785,0 мың теңге қаржы қарастырылып отыр.  2009 жылы 2 мектепті мультимедиялық лингафон құралдарымен қамтамасыз етуге 11082,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Ағымдағы жылы 3 мектепті физика, химия және биология кабинет құралдарымен қамтамасыз етуге 12291,0 мың теңге қарастырылды.

 2008 жылы облыстық бюджет есебінен 11 мектепті мультимедиялық лингафон құралдарымен қамтамасыз етуге 59042,0 мың теңге қаржы қарастырылса, 2009 жылы 8 мектепті мультимедиялық лингафон құралдарымен қамтамасыз етуге 50092,0 мың теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар,  2009 жылы 11 мектепке интерактивтік тақта орнатуға  қарастырылған 25475,0 мың теңге қаржы игерілді.

Мектептер 100 пайыз компьютерленген. 2008 жылы 25,4 оқушыға 1 компьютерден келсе, 2009 жылға да  25 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр. Дағдарысқа байланысты биыл мектептерге компьютер алуға мүмкіндік болмады.

Мектептермен хат алмасу, білім мекемелерінің жұмыстарына жеңілдік жасау үшін аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлеріне электрондық пошта ашылды. Аудандық білім беру бөлімінде 7 компьютер интернетке қосылды. Мектептер білім бөліміне жіберетін хаттарды факс немесе электрондық пошта арқылы жібереді. Бөлім қызметкерлері интернетке қосылған компьютерлерді  пайдалана отырып,  хаттарды сол жерден алады.

Қазіргі таңда 103 білім беру ұйымдарының барлығына 100 пайыз сымтетік орнатылған. Интернетке шығуға мүмкіншілігі бар мектептер саны 103, оның 100 - і интернетпен жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш 98 пайызды құрайды. Интернетке себепті жағдайда қосыла алмай жатқан Айкөл, Қызыл жар бастауыш мектептері және  №95 ОМ (себебі телефон желісі радио аппаратпен жұмыс істейді).

Интернетке  жалғанған 100 мектептің 54-і «dial up» яғни жәй интернетке жалғанған, ал 46 мектеп «ADSL» яғни мегалайн тез жылдам істейтін интернетке қосылған.

Аудан мектептерінің жалпы компьютер саны - лингофонды-мультимедиялық кабинеттердегі компьютерлермен   қосқанда – 2504 дана, оның 1122 –сі ескірген. Бұл Облыс көрсеткішімен салыстырғанда  Сайрам ауданы 12 орында.

Биылғы жылы аудандық бюджет есебінен мектептерді ағымдық жөндеуден өткізуге 102000,0 мың теңге қаржы жұмсалды.  Бұл бір мектепке шаққанда 1000,0 мың теңгені құрайды.

Атап айтқанда,  102 мектепті  ағымдық жөндеуден өткізуге 99060,0 мың теңге , 103 мектепті сыр /краска/ мен қамтамасыз етуге 9940,0 мың теңге бөлінді.

Мектептердің материалдық базасын жақсартуға 2008 жылы 8448,0 мың теңге жұмсалса, 2009 жылы 2129,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Аудандық бюджет есебінен 2 мектепті /Д.Нүрпейісова атындағы орта мектеп/, №28 Ақбай жалпы орта мектебі күрделі жөндеуден өткізуге 15000,0 мың теңге қаржы қарастырылып,  жөндеу жұмыстары жүргізілуде және 6 мектепке ЖСҚ-ға

 4 800,0 мың тенгеден қарастырылды. Сараптамадан өткізуге 1800,0 мың теңге бөлінді. өткен оқу жылында  №78 негізгі мектеп, Бәйдібек атындағы орта мектебі іске қосылды.

Елбасы Жолдауында айтылған «100 жаңа мектеп пен 100 аурухана» салу жоспары аясында ауданымыздан Достық, Фурқат, Ш.Уалиханов ат. мектептері енгізілген еді.  Содан жаңа оқу жылына «Достық» және Ш.Уалиханов ат. орта мектептерінің құрылысы бітіп берілгелі тұр. Ал Фурқат ат.орта мектебі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

            Биылғы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен «Жол картасы» бойынша ауданымызда 12 мектептің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 220575,0 мың теңге қаржы қарастырылып, жұмыссыздықты жою мақсатында 419 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс істеуде.

            Осы 2008 – 2009 оқу жылында оқушылардың білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынған толық жабдықталған 41 физика кабинеті, 23 химия кабинеті, 52 мультимедия кабинеті, 25 биология кабинеті және 55 интерактивтік тақта алынып, (оның 32-сі биылғы оқу жылында алынды), оның мүмкіндіктерін оқушылар да, мұғалімдер де оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануда. Осы мектептердің материалдық-техникалық базасының жақсаруы тікелей білім сапасының көтерілуі мен оқу-тәрбие процесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндіктер беріп отыр.

  Осы оқу жылында жалпы мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, біліктіліктерін арттыру, озат іс – тәжірибе алмасу, тарату  мақсатында 755 мұғалім облыстық бюджеттік, 12 жылдық және республикалық курстардан өтті. Аудан мектептерінің  базасында 1 халықаралық, 6 облыстық, 98  аудандық, 153 аймақтық семинар – конференциялар өз дәрежесінде өткізілді. Аудан бойынша 5 мектеп жаңа типті (лицей, гимназия) болып есептелсе, 18 мектеп әртүрлі шығармашылық бағытта жаңа оқыту технологияларын ендіре отырып, жүйелі жұмыс жүргізуде.

      Білімді дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы түзіліп, 12 жылдық білім берудің- бастауыш, негізгі және бейіндік болып үш топтық кезеңмен оқытылуда.

Алдыңғы екеуі бұрынғы жүйеге заманауи бағыттағы жаңа әдістемелерді қолдану арқылы өтілсе, 10-11 сыныптартың жеткіншектері белгілі бір мамандыққа бейімделіп, білім алуда.

Психологтардың ұсыныстарына сәйкес бастауыш сыныпта оқитын оқушылардың жүйкесіне шамадан тыс салмақ түсіріп алмау үшін ынтасын оятатын түрлі ойындар, қызығушылықты арттыратын зертханалық жұмыстардың өткізілуі мен дәрісханалардың заман талабына сай жабдықталуына жете назар аударылуда.

12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды дайындық топтарына көп көңіл бөлінген. Әсіресе, бұл процесті іске асыратын ұстаздарға да талаптар күшейе түскен.          

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ

Аудандық білім беру бөлімі аз қамтылған отбасы балаларының оқушыларына жаңа оқу жылына дайындығына қолдау көрсету және әлеуметтік себептермен 2009-2010 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектепке келмей қалудың алдын алу мақсатында 19 тамыз 2009 жылы «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акциясы шеңберінде  аудандық «Қамқорлық» акциясы өтті.

     Бұл мерекелік іс-шараға ОҚО бойынша салық департаменті, ҰҚ АҚ-ның Шымкент жол бөлімшесі, ОҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Шымкент май АҚ , Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Сайрам аудандық соты, «Теміртас», «Сайрам сүт», ЯНС, ЮКМЗ ЖШС,«Эм Нұр» серіктестіктері басшылары мен Қазақстан темір жолы, «Манкент» шипажайы,  Ақсукент медициналық колледжі, Ақсукент, Жұлдыз, Жаңаталап, Қарабұлақ,Құтарыс, Қарамұрт, Манкент, Сайрам, Қайнарбұлақ, Қарасу ауыл округтері әкімдері белсенділік көрсетті.

     Демеушілер 122 балаға 1830,0 мың тенгеге мектепке қажетті оқу құралдары мен киім -кешектер алып берді.

«Білім» қорын 2008 жылы 10207,0 мың теңге болса, 2009 жылы  53871,0 мың теңге қаралған. Бұл қаржы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жағдайы төмен отбасынан шыққан 2000 оқушыға мектепке қажетті киім-кешек және оқу құралдарын алу үшін 233,16,0мың тг. , 28305,0 мың теңге бір мезгіл ыстық тамақ беруге , 2250,0 мың теңге жазғы сауықтыруға жолдамаға  бөлініп берілді.  Сонымен бұл акцияда 2122 баланың жаңа оқу жылында мектепке шат көңілмен, жарқын жүзбен баруына жағдай жасалды.

2008-2009 оқу жылында ҰБТ тапсыру қорытындысы

            Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Білім беру жүйесіне қатыстының барлығы, біздің елдің болашағына да қатысты»,- деген сөзі ауданның білім беру мекемелеріне жаңа серпін беріп, тың істерге жетелеуде. Аудандық білім беру мекемелерінің күш – жігері қоғам мен тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға, оқушының өз болмасын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, шығармашылық жұмысқа баулып, белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыруға, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуға бағытталып отыр.

2009 жылы 3328 оқушысы 11 сыныпты бітірді.Оның 43 оқушысы «Алтын белгі» белгісінің, 121-і «Ерекше үлгідегі аттестаттың» 785 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды.Бұл аудан көлеміндегі ата-ана үшін бір жылға 235 500,0 мың теңге , 4 жылға 942 000,0 мың теңге үнем болды.  

            2007-2008 оқу жылымен салыстырғанда биылғы 2008-2009 оқу жылы «Алтын белгі» 1 оқушыға, «Ерекше үлгідегі аттестат» 6, ал мемлекеттік грант 222 оқушыға артып отыр. Өткен оқу жылында ҰБТ-дан 100-125 аралығында балл жинаған 51оқушы яғни қатысқандардың 2,3%-ы ғана болса, биылғы жылы 75 оқушы болып, 8,5 % құрады,яғни 6,2 % өсті.

Ауданның орташа көрсеткіші 72,2 балл болса, оның ішінде:

Қазақ тілінен—17,6 балл

Орыс тілінен—11,8 балл

Қазақстан тарихынан 17,5 балл

Математикадан—9,7 балл

Таңдауы бойынша пәндерден—14,8 балл.

   ҰБТ-ң нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы көрсеткіш берген № 101, Сареми, Е.Юсупов,Аймауытов, Сейфуллин, № 98 ОМ, Сапарбаев, Көмешбұлақ, Нүрпеисов,

Уалиханов, Тлендиев, Қайнарбұлақ мектептері болды. 8-слайд

Сонымен қатар төмен көрсеткіш берген мектептер де болды:

№ 91 Ом, Қауалов ОМ, Абай ОМ, Өзтүрік ОМ, Бәйдібек ОМ, Тленшин ОМ, № 97 ОМ, Мәртөбе ОМ, № 92 ОМ, № 40 ОМ, Бөкейхан ОМ, Қасымұлы ОМ. 

Ауданымыздағы мемлекеттік грант иегерлері былтырғы жылмен салыстырғанда 222 оқушыға артып отыр.

31 мектеп ҰБТ, КТ қатысып 50 пайыздан жоғарысы мемлекеттік грантты жеңіп алды.

Өкінішке орай Мақажанов ОМ, Ақбай ОМ, Абай атындағы орта мектептерден бір-де бір грант иегері шықпады.

ҰБТ – ға 100 пайыз оқушыларын қатыстырған мектептер саны: 12-слайд

1 № 22 Жұлдыз ОМ орташа көрсеткіші : 67,4 балл

2 Уалиханов ОМ орташа көрсеткіші :77,3 балл

3 № 92 ОМ орташа көрсеткіші : 70,0 балл

4 Тәжібаев ОМ орташа көрсеткіші : 69,9 балл,

Айта кету керек № 92 ОМ , Уалиханов атындағы орта мектептер жылда оқушыларын 100 пайыз қатыстырып жоғарғы көрсеткіш береді.

Сонымен қатар ,ҰБТ – ға 50 пайыздан кем оқушыларын қатыстырып көрсеткіші төмен  мектептер де бар, атап айтсақ:

Мектеп атауы

Оқушы саны

ҰБТ қатысқаны

Қатысу

пайызы

Орташа

көрсеткіші

Конкурс балы

1

Абай ОМ

18

8

44

55,1

48

2

Амангелды ОМ

12

5

41

69,2

56,4

3

Қауалов ОМ

10

4

40

61,2

54,2

4

Мақатаев ОМ

33

13

39

66,0

50,9

Аудан бойынша  27 «Үздік аттестатқа  »   үміткерлердің ҰБТ қорытындысы бойынша біреуі ғана өз білімін дәлелдеп шықты, ол Юсупов ат. ОМ оқушысы Касьяненко А.--113 балл. Қалған 26 оқушы үздік аттестатқа лайық екенін ақтай алмады.Олар  Абылайхан (4 оқушы ), Сареми (3,), Бабыр(1),Ш.Уалиханов(2),Е.Юсупов(1),Абай(1),Д.Нұрпейісова(5),М.Сапарбаев(3) мектептері.

 Өткен жылмен салыстырғанда Сейфуллин КСГМ – 22,1 балға, Аймауытов КСГМ – 31,3 балға артқан. Дегенмен, гимназия мектеп статусының және оқушыларының білім сапасы төмен  екендігін дәлелдеп отыр.

Білім және тәрбие беру жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың  жай –күйі және көп тілді оқыту туралы

         Аудандық білім  бөлімі тарапынан тілдерге байланысты қолданыстағы заңдар мен қаулылар, шешімдер, бғдарламалар басшылыққа алынды, олар:

         а) «Тілдерді қолдану  мен дамытудың 2009-2010 жылдарға  арналған салалық бағдарламасы  және оны жүзеге асыру жөніндегі   іс-шаралардың жоспары туралы» салалық бағдарламасы;

         ә) «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асырудың іс жоспары;

         б) «Ана тілі және отбасы» жобасы;

         д) «Ұлттық білім және ақпарат кеңістігіне өзбек тілінде оқытылатын мектеп бітірушілерін кіріктіру» атты пилоттық жобасы;

         Аудандағы білім және тәрбие беру мекемелерінде  Қазақстан халықтары  тілдерінің  фестивалін, «Абай-Шәкәрім», «М.Мақатаев»,«Оралхан Бөкей», «І.Жансүгіров» оқуларын, «Ана тілі және отбасы», «Мемлекеттік тілді білу-парызың», «Мен көп тілді білемін», «Алтын ұрпақ», «Ақ қауырсын» ,  «Алтын қоңырау» байқауларын, шығармалар конкурстары  мен олимпиадалар, ғылыми жоба  жұмысы  жарыстарын,  өзге де іс-шараларды өткізу дәстүрге айналдырылған.

     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні және орыс, өзбек мектептеріндегі мемлекеттік тіл бойынша жыл сайын оқушылардың пәндік олимпиадалары өткізіліп тұрады. 2009 жылы қазақ тілі мен әдебиетінен  2 оқушы, орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәні бойынша 2 оқушы облыстық пәндік олимпиадаға қатысты. 2008 жылы  М.Горкий ат ОМ оқушылары Ю.Маккамбаева облыста 3-орынға, Т.Новикова өзге ұлт мектептері оқушылары арасында өткен Республикалық  қашықтық олимпиадасына қатысып, марапаттауға ие болды.

   «Зертеуші-Исследователь» ғылыми білім беру ораталығының «Жас ғалым» ғылыми журналы өткізген қазақ тілі мен әдебиетінен Респ. Сыртай олимпиадасында 23 оқушы 2-3-орындарды жеңіп алды. Дарынды оқушыларды ғылымға бағыттау мақсатында оқушылардың ғылыми жоба жарыстары, ҚҒА байқауы өткізіліп тұрады. 2009 жылы Кіші ғылыми академиясының облыстық ғылыми практикалық конференциясында А.Байтұрсынов,Ы.Алтынсарин ат мектептерінен 2 оқушы жүлдегер болды.

      Ш.Уалиханов ат.ОМ оқушысы Исабекова Әсел республикалық ІХ «Абай оқуларына» қатысып, дипломант атанып қайтты. «Қазақстан- бақыт мекені»тақырыбында өткізілген республикалық байқауда Сайрам ауданының командасы облыс намысын қорғап, командалық ІІІ орынды, ал жеке сайыста №47 орта мектеп оқушысы У.Абдивалиев 1-орынды  иеленіп қайтты.  ІІ облыстық .М.Мақатаев оқуларында «Қайнарбұлақ» орта мектебінің оқушысы Көпбосын Ақбота ІІІ орынды жеңіп алды.

   Ю. Сареми, З. Хұсанов ,№94, Е.Юсупов атындағы өзбек орта мектептерінде  билингивалды  оқыту жүйесі енгізілген.  Оларда  «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы»,  тағы басқа пәндері қазақ тілінде жүргізіліп келеді. Мамыр айында «Көп тілде және билингвальді оқыту арқылы толеранттық тұлғаны қалыптастыру» тақырыбында Ю.Сареми ат.гимназия мектеьінің базасында (Директоры-Нұралиев Бахадыр) Халықаралық семинар-кеңес өткізілді.

             ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасына сәйкес мектептерде қазақ тілі, орыс тілі мен ағылшын тілі пәндеріне ерекше мән беріліп, оқушыларға сапалы білім беру үшін біршама игі істер атқарылуда.

            Орыс тілі пән ретінде барлық мектептерде 3 сыныптан бастап жүргізіледі, өйткені орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас жасау тілі, орыс тілінде емін-еркін сөйлеу – қазіргі заман талабы. 2008 – 2009 оқу жылында орыс тілі пәнінен көптеген байқаулар мен олимпидалар өткізілді. Халықаралық «Русский медвежонок -2008» байқауына 11 мектептен 280 оқушы қатысып, оның 18 жүлдегер атанды.

Облыстық пәндік олимпиадаға 3 оқушы орыс тілі пәнінен қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, 4 орынға ие болып, Облыстық білім басқармасының алғыс хатына ие ленді. Олар: Халаева Афеля - «Мәртөбе» о.м. 11 сынып оқушысы, Бакашбаева Айгүл -  Е.Юсупов атындағы о.м. 10 сынып оқушысы және Қонысбаева Әсем – С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Облыстық пән мұғалімдерінің олимпиадасында №15 Е.Юсупов атындағы о.м. орыс тілі пән мұғалімі Досметова Лобар жүлделі 2 орынға ие болды.

Аудандық балалар саз мектебінің базасында орыс тілі пән мұғалімдерінің әдеби кеші өткізіліп, оған Г.Базарбаева («Ақбай» о.м), А.Егізбаев (АБББ әдіскері), Х.Абдуллаев ( З.Хусанов атындағы о.м), Г.Малахова, Г.Тәжібаева, В.Те ( «Мәртөбе» о.м. ) секілді тәжірибелі мұғалімдер өздерінің шәкірттерімен белсенді қатысты. Ал «Мәртөбе» о.м. мұғалімі Галина Малахова «Южный Казахстан» газеті ұйымдастырған облыстық мектеп газеттері байқауында жеңімпаз атанды.

Ағылшын тіліне соңғы кезде көп мән беріліп, оқушылардың терең білім алуына мектептерде көп жағдай жасалынуда. Мысалы, М.Мақатаев атындағы орта мектебі  және Гуманитарлық-педагогикалық колледжінде ағылшын тілінен АҚШ-тан келген еріктілер оқушыларға сабақ беруде.

Дегенмен, осы жетістіктермен қоса көп тілді білім беру бағытында өзекті шешімін талап ететін  мәселелер де бар:

  1. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен терең білім беретін озық ақпараттық технологияларды әрбір мұғалім тиімді пайдаланып, керекті оқу-әдістемелік құралдармен, оқулықтармен оқушыларды толық қамтамасыз ету керек.
  2. Барлық мектептерде нәтижеге бағытталған, құзыреттілік білім беретін деңгейде жүйелі жұмыстар жүргізу, жас мамандар мен тәлімгерлер мектебінің жұмыстарын жандандыру қажет.
  3. Мектеп басшылары кадрлардың сапалығын арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру және уақытылы білім жетілдіру курстарын өту, мектеп басқару мен бақылау жасау жұмыстарын жетілдіру керек.

Тәрбие мәселесі

Балалар  ата-ананың ғана қуанышы мен мақтанышы емес, олар еліміздің болашақ азаматтары. Олардың дұрыс тәрбиеленуі- біздің бақытымыз, мемлекеттің мәңгілігі.

Аудандық білім беру бөлімі  тарапынан 2008-2010 жылдарға арналған  аймақтық тәрбие бағдарламасы жасалып, бекітілген.

Бағдарлама аясында барлық білім беру ұйымдарында  бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтатын  болсақ:

№20 С. Сейфуллин атындағы  мектеп – гимназиясында  13.03.2009 жылы  «Баланың өмір сүруі және  тәрбиелену құқығы, ондағы  ата – ана  мен  ұстаз  рөлі» атты тақырыбында  дөңгелек  үстел  болып  өтті. Дөңгелек  үстелге  облыстық білім  басқарамасының  жетекші  маманы  М.С. Жаңабаева, Сайрам ауданының  прокуроры М. Қаныбеков прокурор көмекшісі  Ж.Ж. Ботабеков, ОҚО прокурорының  аға көмекшісі                                    Ж. Алиханқызы және прокурор көмекшісі  Қ. Бабанов,  аудан әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы филиалының орынбасары, аудан  жанындағы  кәмелетке толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын қорғау  жөніндегі  ведмоствоаралық комиссиясы  хатышысы, Ақсукент ауыл әкімшілігінің  әкімі,  АІІБ ЖКТІЖИ бастығы, аудандық емхана  наркологтарымен    «Сайрам ақшамы» телекомпаниясының  директорлары мен БАҚ өкілдері, мектеп  оқушылары мен  мектеп директорының  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарлары, ата – аналар  шақырылды. Дөңгелек  үстелде  қазіргі  таңдаға  жастар арасындағы  өзекті  проблемалары  талқыланды.

Құқық  бұзушылықтың алдын алу  негізінде  барлық білім беру  ұйымдарында  оқушылар арасында «жас полицейлер отрядтары» - 1280 болса,  ата – аналар арасында - 533  «әкелер әкеңесі»  құрылса,  сол сияқты  оқушылардың  өз ойларын  құпия  түрде  өткізу  үшін мектеп дәліздерінде  «Сенім  жәшігі» орнатылған. 

Бағдарлама іс – шараларын жүзеге асыру мақсатында  аудандық білім беру  бөлімінің  2.03.2009 жылғы № 50 бұйрығының негізінде  «2009 жылдың  2 наурыз  - 2 сәуір аралығында  «Жасөспірім» жедел профилактикалық айлығы» өткізілді.  Айлық  барысында  №28 Ақбай, М.Сапарбаев, Д.Қонаев  атындағы жалпы  орта мектептерінде  ата – аналардың  қатысуымен  жиналыс  болып  өтсе,  Мәртөбе, С.Сейфуллин атындағы  орта мектебінде  «Қылмыс неден  туындайды?» атты  тақырыппен  9-11 сынып  оқушылар арасында  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылып, АІІБ жасы кәмелетке  толмаған істер жөніндегі  инспекторы  П. Сапақовтың   баяндамасы  тыңдалды.

Сайрам ауыл  әкімшілігіне  қарасты  №92 орта  мектебінде  аудан  әкімдігінің  №73 25.01.2007 жылғы  «Нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы  күрестің  2006-2008 жылдарға  арналған мемлекеттік  бағдарламасын» қорытындылау  мақсатында  «Балалар  есірткісіз  өмір» атты  тақырыппен  аудандық семинар  ұйымдастырылды.

Аудан бойынша қылмыс жасаған балалар саны-11, былтырғы жылмен салыстырғанда асу кему жоқ ,құқық бұзушылар саны- 7,

 балалар үйіне 2 бала орналастырылды.

Оқушылардың арасында нашақорлық пен  есірткі  жайында  қаншалықты мағұлматтар  білетіндігі  туралы  сауалнамалар  алынды.  74 орта  26 негізгі  мектептерден  сауалнамаға  39 орта  11 негізгі  мектептен  жалпы  оқушы  саны  9300 болса,  оның  8387 оқушы  қатынасты. 25 сұрақтан  тұратын сауалнама  12 сұраққа  жинақталып, мониторинг  жасалынды.

Оқу  орындарында  профилактикалық  жұмысты  күшейту «нашақорлық пен  есірткі  бизнесіне  қарсы күресу » мақсатында оқушылардың  арасында  үздік  шығармалар  байқауы  өткізілді. Аталмыш  байқауда  облыста  С.Сейфуллин атындағы  мектеп – гимназиясының  оқушысы  Е. Ескендіров  жүлделі  2 орынды,  Ж. Аймауытов  атындағы  гимназия – мектебінің  оқушысы  Ә. Әбдіманаптегі  жүлделі  3 орынды  иеленсе, М. Горький  атындағы  орта  мектебінің   10 сынып  оқушысы  В. Самченконың  «Я против наркотиков!» пен  №22 Жұлдыз  атындағы  орта  мектебінің   11 сынып  оқушысы  А. Тасбауованың  «Мен нашаға  қарсымын» авторлық өлеңі облыстық «Ұстаз нұры» газетінде  жарық көрді.

Сайрам ауданының прокуроры М.Қаныбековтың бастамасымен жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі шығармалар байқауы өткізілуде . Жыл сонында ең үздік деп танылған шығармалар анықталып марапатталады. Қазіргі қоғамның талабына сай осы іс-шара болашақ жастардың өмірге белсенді, саяси саналы  болып өсуіне ықпалы зор .

Облыстық  білім  департаментінің  15.10.2008 жылғы  № 957 бұйрығының  негізінде  өткізілген «Үздік тәлімгер» байқауына №1 Ю. Сареми  атындағы  гимназия мектебінің тәлімгері  Д. Ярметова  облыста  жүлделі  І орынды жеңіп  алып,  облыстық әкімшілік  тарапынан  «Үздік  тәлімгер»  номинациясына  ие болды.

Білім беру  ұйымдарында  119 директордың  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасарлары, 102 тәлімгер, 73 психолог, 68 социолог жұмыс  істеуде.

2009 жылдың  наурыз айының 25-ші жұлдызында   өткен облыстық «Ең  үздік тәрбиелік  жүйе -2009» сырттай  байқауында  Қайнарбұлақ ауыл әкімшлігіне  қарасты  Көмешбұлақ  атындағы  жалпы  орта мектеп  директорының тәрбие ісі  жөніндегі   орынбасары А. Оңгарбаева  жүлделі  ІІ – орынды  иеленіп, «Болашақ ұрпақты халықтық педагогика арқылы  тәрбиелеу» атты  тақырыппен  озат іс – тәжірибесі  облыс көлемінде  тарқатылды.

     .Мемлекеттің ірге тасының беріктігі –ұлттық сана-сезімнің жоғарылығымен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, ұлттық рух,мүдде, намыс тәрізді асқақ қасиеттермен өлшенеді.Ұлттық талғамы, сана-сезімі жоқ адамда, отаншылдық мораль болмайды.

    Біз елді сүюді,ел үшін күйінуді Абайдан үйренуіміз керек. Ұрпақты да  Абай үлгісінде үйретуіміз керек. Сонда өскелең жастардың  Отаншылдық сезімі асқақтайды, парасаты биіктейді,ынтымақ-бірлігі артады,имандылығы молаяды.

   «Абай- халқымыздың рухани көсемі» деп жазды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Әрбір сабақтың, тәрбие сағаттарының өзегі Абай болу керек. Абайды құрметтеу- өзіңді, мемлекеттік тіліңді, салт-дәстүріңді құрметтеу.Абайды қадірлеу- ұлтыңды қастерлеу деген сөз. Оқушыларды Абай өнегесімен тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті.

Әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік кабинет 2005-2010 жылдарға арналған перспективалық және жылдық, айлық, апталық жоспарлар негізінде жұмысын жүйелі ұйымдастырды.

Әдістемелік кабинетте 18 әдіскер барлық пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек береді.Ауданда 35 тірек мектептері, 58 аудандық әдістемелік бірлестік, 63 шығармашылық топтар, 2 .жас диреторлар, 23 жас мұғалімдер мектептері, 32 мектепаралық, 550 мектепішілік, 274 циклді әдістемелік бірлестіктер жұмыс істеді.

2008-2009 оқу жылы барысында 103 мектепке 62 млн 820 мың теңгеге оқулық, оқу-әдістемелік құралдар алынды.

Аудандық әдістемелік кабинет оқу жылы барысында 5 рет кеңес өткізіп, онда жоспарға сәйкес 28 мәселе қаралды.

2008 жылы 20.09-12.11 аралығында № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі З.Сманова, № 1 Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Д.Мирсолиева «ІRЕХ» атты халықаралық мұғалімдер байқауының жеңімпазы атанып, 2 айға АҚШ-ның Небраска штатына кәсіби білімін жетілдіру және тәжірибе алмасумақсатында оқуға барып қайтты.

Ю.Сареми МГ –ның ағылшын тілі мұғалімі Ұ.Абдураззаков  халықаралық байқауына қатысып 2009 жылдың наурыз айынан бастап 1 жыл 6 айға Орегон штатына (АҚШ) тәжірибе алмасуға кетті.

Облыстық және Республикалық олимпиада, байқаулардағы оқушылар жетістіктері де қомақты.

Шағын комплектті М.Оразалиев ат ОМ директоры Т.Тұрапбеков Алматы қаласында өтілген Халықаралық конференцияда шағын комплектті мектептер арасында «Ең үздік мектеп» атағына ие болды.

Аудан оқушылары грек-рим күресі, волейбол, шығыс жекпе-жектері, УШУ, Сан-До, Кик боксинг т.б түрлерінен Республикалық, Халықаралық жүлделерге е болды.

Халықаралық «Бозторғай» атты өнер байқауында Терешкова ат ОМ оқушысы Абжанов Қ ІІІ-орынға көтерілді.

Республикалық ән-өнер байқауында С.Сейфуллин ат МГ,  Ж.Аймауытов ат МГ оқушылары 1-3 орын және дипломант атанды.

ІІІ. Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарына ғылыми, әдістемелік және эксперименталды оқыту процестерін ұйымдастыру  туралы               

    Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

     Қазіргі заманғы ғылым жаңалықтарын мектепке енгізу, дарынды оқушыларды анықтау, олардың арасында түрлі ғылыми-танымдық байқаулар ұйымдастыруды жолға қою мақсатында ауданның 61 мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары штаты бөлінген. 

   Мектептегі ОҒҚ-ның негізгі міндеті сыныптан тыс және үйірмелік жұмыс жүйесін оқу-тәрбие процестерімен байланыстыра отырып, ғылыми деңгейге көтеру

    Дарындылықты анықтаудың тағы бір жолы оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар, пәндік олимпиадалар ұйымдастыру және нәтижесін сараптау.

        Ауданда 5 мектеп эксперимент алаңы ретінде тіркелген. Олар: Байтұрсынов, №47 ом Обл.БД 2004 жылғы 28-тамыздағы №740 бұйрығымен «Ғаламдық оқыту технологиясы», Терешкова ом Обл.БД 2005 жылғы 2-қыркүйектегі №783 бұйрығымен «Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті шәкірт болмысын қалыптастыру», Сареми, З.Хусанов, Е.Юсупов, №94 ом Обл.БД 2006 жылғы 8-қыркүйектегі №798, 2007 жылғы 5-қыркүйектегі №685 және 24-желтоқсандағы №1018 бұйрықтары негізінде «Ұлттық білім және ақпарат кеңістігіне  өзбек тілінде оқытылатын мектеп бітірушілерін кіріктіру» тақырыптарымен жұмыс жүргізуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсету мақсатында 2009 жылдың 25-ақпанында Байтұрсынов ом базасында аудандық семинар өтті.   

Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес

       Адамзат тарих сахнасына шыққан ғасырлар үрдісінде ақыл ойдың теңдесі жоқ талай-талай тамаша үлгілерін жасады. Ғылымды ғарыштық қадамдармен дамытып,тәрбие тәлімін баламасыз биік тұғырларға шығарды. Алайда, өркениет асқарына шыққан адамзаттың «тамырына балта шаба алмай » отырған «Сыбайлас жемқорлық» індетінен ауданның білім мекемелері де ада емес. Елбасымыз Н.Назарбаев «Жемқорлық – мемлекеттің қоғамның дамуына тежеу болатын , болашағына кесірін тигізетін індет ,» - деп атап көрсетті . Осыған орай президент сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрестің жалпы ұлттық жоспарын жариялады.

    Аудандық білім беру бөлімі сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлерді назардан тыс қалдырмай тиісті шаралар қолданып келеді. Атап айтқанда 3 мектеп директорына  аудандық білім беру бөлімінің бұйрығымен тәртіптік жаза берілді.

       «Сыбайлас жемқорлықпен » күрес әрдайым басты назарда болатының ,онымен бірлесіп күресуге баршаңыздың қолдау көрсетулеріңізге шақырамын.

          Арыз шағым үнемі толастамайтын мектептер- Жамбыл атындағы орта мектеп, Айша-бибі атындағы негізгі мектеп. Бұл жағдай оқушылардың білім сапасына, психологиялық  хал-ахуалға кері әсерін тигізіп отыр.                        

Алдағы міндеттер:

  1. Аудан орталығынан ҰБТ орталығын ашу.
  2. Аудандағы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуді қарастыру.
  3. Үш ауысымда оқитын мектептерді екі ауысымда оқыту мәселесін шешу.
  4. 12 жылдық білім беруге байланысты 5 балалар бақшасын ашу.
  5. Дарынды балалардың терең білім алуына жағдай жасау үшін «Дарын» мектебін ашу.

Аудан әкімшілігі мен аудандық сессияға қойылатын мәселелер:

р/с

Қойылған мәселе

өтілетін орны

өткеізу мерзімі

Жауапты маман

1.      

11 сынып оқушыларының

5 күндік әскери дала жиынын өткізу туралы

Аудан әкімдігі

2010 жыл наурыз

Р.Сатыбалдиев

Ж.Бектасов

2.      

2010 жылғы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Аудан әкімдігі

2010 жыл мамыр

Сейітова Р.

3.      

2009-2010 оқу жылына оқушылар контингентін, сынып комплектілерін бекіту туралы

Аудан әкімдігі

2009 жыл қыркүйек

Р.Сатыбалдиев

Экономист

4.      

Мектептен үш шақырымнан астам қашықтықта тұратын оқушыларды тасымалдау туралы

Аудан әкімдігі

2009 жыл  тамыз

Р. Сатыбалдиев

5.      

Мектептерде бейінлды, бейінді және бағдарлы оқытудың қаржылық мәселесі

Аудан әкімдігі

2010 жыл маусым

Қ.Шадиева

6.      

Мектеп бітірушілердің ҰБТ-ға қатысуын ұйымдастыру туралы

Аудан әкімдігі

2010 жыл  сәуір

Қ. Шәдиева

7.      

Мектептердегі ҰБТ-ың қорытындысы.

Аудан әкімдігі

2010 жыл  тамыз

Қ. Шәдиева

8.      

Аудан мектептерінде қосымша сынып бөлмелерін ашу жайлы 

     

9.      

12 жылдық білім жүйесіне көшуге байланысты мектептердің материалдық-техникалық базасы мен оқу-жабдықтарының шешілу барысы

Мәслихат

2010 жыл тамыз

Қ.Шадиева

К. Анарметов

10.                        

Жетім және жартылай жетім және тұрмысы төмен отбасы балаларын тегін,жеңілдетілген бағамен ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жайлы

Мәслихат

2010 жыл тамыз

Р. Сатыбалдиев

М.Асқарова

ІІІ. Пед кадрлармен жұмыс

АППАРАТ ОҚУЛАРЫ

(әр айдың 1 аптасының дүйсенбі күні)

р/с

Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты адам

  1.  
 

Аудан мектептері бойынша мұғалімдердің озат іс-тәжірибелерін тарату жолдары

Ә.Мұстапаев

  1.  
 

ҚР-сының білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерінің аттестациялау тәртібі жайлы жаңа Ереже туралы

Т.Макенова

Ақпан

  1.  
 

ҚР Үкіметінің 09.02.2003 жылғы №173 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету» Ережесі жайлы

Г. Тынымбаева

  1.  
 

ҚР Үкіметінің АӘД пәнінің оқытылуы бойынша №1340 қаулысы туралы

Ж. Бектасов

  1.  
 

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 08.02.200 жылға №52 бұйрығымен ҚР жалпы орта білім беретін оқу орындарында экстернат оқыту жайлы туралы

Қ. Шәдиева

Мамыр

  1.  
 

Білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдары жұмысындағы балалардың құқығын қорғау мәселелері

С.Байдуллаев

Наурыз

  1.  
 

ҚР Мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты Ережелері жайлы

Т.Макенова

Сәуір

ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАР ОҚУЫ

(әр айдың 2 аптасының сәрсенбісі)

р/с

Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты адам

  1.  
 

Аудан мектептерінде «Білім туралы» құжаттардың (1-15 папка) жүргізу тәртібі жайлы

Т.Макенова

  1.  
 

ҚР білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау туралы жаңа Ереже жайлы

Т.Макенова

  1.  
 

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 27.12.2002 жылғы №914 бұйрығының 2007-2008 оқу жылындағы пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар тізбесі жайлы

Г. Тынымбаева

  1.  
 

Педагог мамандарды марапаттауға ұсыну, құжаттар даярлау тәртібі туралы

Т.Макенова

  1.  
 

Педагогтарға кітапхана библиографиялық және ақпарат қызметін көрсетудің жаңа үрдістері

Г. Тынымбаева

  1.  
 

Мектептен тыс уақытта дарынды балалардың қабілетін жетілдіру мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар

Қ.Шәдиева

Ә.Мұстапаев

  1.  
 

Оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып, кәсіби шеберлікті шыңдау жолдары

Ә.Мұстапаев

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОҚУЫ

(тоқсанына – 1 рет)

р/с

Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты адам

  1.  
 

1. ҚР білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау туралы жаңа Ереже жайлы

2. ҚР Мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты Ережелері жайлы

Т.Макенова

  1.  
 

Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің  мөлшері мен көздері туралы

С.Байдуллаев

  1.  
 

ҚР Үкіметінің 09.02.2003 жылғы №173 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету» Ережесі жайлы

Г. Тынымбаева

  1.  
 

Мектептегі ұйым жұмыстарын жүргізуде ақпараттандыру жүйесімен үйлестіру жолдары

Қ. Шәдиева

А.Сыздыкова

ТӘРБИЕ ІСІ ОРЫНБАСАРЛАРЫ МЕН ПСИХОЛОГТАР ОҚУЫ

(әр айдың 1-3 аптасының сейсенбісі)

р/с

Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты адам

  1.  
 

1. Мектептегі оқу-тәрбие процессін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі нормативтік іс-құжаттары, құқықтық Заң актілері, оларды жүзеге асыру жолдары

2. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, оны жүзеге асырудағы жұмыс мазмұны мен формалары

Г. Амалбекова

  1.  
 

Білім беру жүйесіндегі тәрбиені дамытудың негізгі бағыттары. Оқушылардың рухани-адамгершілік, елжандылық және азаматтық тәрбиесі

Г. Амалбекова

  1.  
 

Құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы құқық кабинетінің маңызы

Ж. Бекмұрзаева

  1.  
 

Тәрбие жұмысын, психологиялық қызметті ұйымдастыруда басшылыққа алынатын басты бағыттар, құжаттармен жұмыс

А. Егізбаев

  1.  
 

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы озық инновациялық үрдістер

Р. Сейітова

КІТАПХАНАШЫЛАР ОҚУЫ

(әр айдың 4 аптасының сейсенбісі)

р/с

Мерзімі

Тақырыбы

Жауапты адам

      1.   

 

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 17 тамыз 2000 жылғы №827 бұйрығымен бекітілген

А) «Білім беру ұйымдары кітапханашылардың оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету есебі»

Ә) білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана қорын есепке алуы туралы

Б) білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана қорының сақталуы туралы

Г) білім беру ұйымдары кітапханаларының кітапхана қорынан басылымдар мен басқа материалдарды шығарып тастау туралы

Г. Тынымбаева

      2.   

 

ҚР Үкіметінің 09.02.2003 жылғы №173 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушылар мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету» Ережесі жайлы және орындалуы (аз қамтылған оқушыларды әр категория бойынша анықтау, %, есебін шығару

Г. Тынымбаева

      3.   

 

«Педагогтарға кітапхана – библиографиялық және ақпарат қызметін көрсетудің жаңа үрдісі»

Г. Тынымбаева

      4.   

 

Кітапханада библиографиялық жұмысты ұйымдастыру

Г. Тынымбаева

      5.   

 

Мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру

А) жоспарлау және есеп

Ә) практикалық бөлім

Б) жылдық жоспарға талдау (2009-2010 оқу жылы)

В) 2009-2010 оқу жылына жылдық жоспар жасау

Г) номенклатуралық іс-құжаттар тізбесінің жүргізілуі

Г. Тынымбаева

      6.   

 

Кітапханашының кәсіптік этикасы, дөңгелек стол

Г. Тынымбаева

IV. Алқа мәжілісінде қаралатын мәселелер 2009-2010 оқу жылы.

Мерзімі

Мазмұны

Жауапты

№1 Мәжіліс – қыркүйек

1. Аудандық білім бөлімі мен білім беру мекемелерінің 2008-2009 оқу жылындағы жұмысына талдау, 2009-2010 оқу жылын жоспарлау.                 

            2. Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы.                       3. 2008-2009 оқу жылындағы ҰБТ-ның қорытындысы.

4. Кадрларды орналастыру және іріктеу бойынша мәлімет қорытындысын талдау

5. Техникалық қауіпсіздігі ережелерін сақтау

М. Асқарова

Р. Сатыбалдиев

Қ. Шәдиева

Т.Макенова

Р.Сатыбалдиев

№2 Мәжіліс – желтоқсан

1. «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығының қорытындысы.                     

2. Аудандық білім беру мекемелері педагог мамандардың сапалық құрамына талдау жасау қорытындылары және мектеп басшыларының құрамын жетілдіруге басшылықтары жайлы

3.2005-2010 жылғы мемлекеттік бағдарламасының орындалуы.               4.Аудан мектептерінің МАБ, ҰБТ-ге дайындығы туралы                       

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыр

6. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған салалық бағдарламасы және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

7. Мектептерді тексерулердің қорытындысы.(ҰБТ-төмендер)

Р. Сатыбалдиев

Т.Макенова

М.Асқарова

Қ. Шәдиева

Р.Сейітова

Ә. Мұстапаев

АББ мамандары

№3 Мәжіліс – наурыз

1. Аудан мектептерінде АӘД пен әскери патриоттық тәрбие берудің жағдайы

2. Жалпыға бірдей міндетті құқықтық оқытудың қорытындысы

            3.Техника қауіпсіздігінің сақталуы, жолда жүру, балалар жарақаты туралы                       

4. «ҚР Тіл туралы» Заңының білім беру ұйымдарында қолдану туралы

5. МАБ-ың қорытындысы туралы

6. Жаңа типтік мектептердің білім сапасын тексеру қорытындысы

7. «ҚР Еңбек туралы» Заңының қолдану, кадрларды іріктеу бойынша талдау туралы

Ж. Бектасов

Р. Сатыбалдиев

Р. Сатыбалдиев

Ә. Мұстапаев

Қ. Шәдиева

М. Асқарова

Т.Макенова

№4 Мәжіліс – маусым

1. Мемлекеттік емтиханның, ҰБТ-ның қорытындысы жайлы

2. 2009-2010 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы жайлы

3. Аудан мектептерінің күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілуі және жаңа оқу жылына дайындығы туралы

4. Патронаттық тәрбие туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы мен Патронаттық тәрбиеге берілген балаларға төленетін қаржы туралы Ережемен таныстыру. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жайлы АББ іс-шаралар жоспарымен таныстыру

Қ. Шәдиева

Г. Тынымбаева

К.Анарметов

Т.Макенова

V. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының, мемлекеттік білім стандартының орындалуын қамтамасыз етуді жан-жақты зерттеу,талдаулар жұмыстарының кестесі

Р/с

             Мектеп атауы

Мерзімі

1

Тлендиев ОМ

Қазан

2

А.Ақбаев ОМ

/-/-/

4

№ 94 ОМ

Қараша

5

Нүрпейісова ОМ

/-/-/-/

9

Ұлықбек НМ

Желтоқсан

10

№ 77 Хамза НМ

/-/-/-/

13

Қарасай батыр НМ

Қаңтар

14

Құрбанов НМ

/-/-/-/

17

Манкент ОМ

Ақпан

18

Құрмантаев ОМ

/-/-/-/

20

Бөкейхан ОМ

Наурыз

21

№ 79 Жұлдыз ОМ

/-/-/-/

25

Ибрагим ата ОМ

Мамыр

27

№ 95 ОМ

/-/-/-/

V1. АББ бастығы жанындағы директорлар кеңесі 2009-2010 оқу жылы

Мерзімі

Мазмұны

Жауапты

№1

Кеңес – қыркүйек

1.2009-2010 оқу жылына пед. кадрларлар дайындағы туралы.

2.Мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант арқылы түсуі туралы талдау.

3.Білім мекемелерінің оқушылар қозғалысы мен 6-17 жас аралығындағы балалар есебі бойынша қорытынды.

4.Қамқоршылық пен қорғаншылықты есепте тұратын және балалар үйі мен интернаттың жетім түлектерінің еңбекке орналасуы туралы.

5.АIIБ қарасты КТ1ЖИ және мектептермен бірге жұмысы туралы.

6. Тіршілік қауіпсіздігі, көшеде жүру ережесі туралы.

Т.Макенова

Қ.Шәдиева

Р.Сатыбалдиев

Г.Тынымбаева

Р.Сатыбалдиев

Р.Сатыбалдиев

№2

кеңес –

қазан

   1.Білім беру ұйымдарының қысқы кезеңге дайындығы.

2.Өзбек мектептері бойынша өткізілген кешенді тесттің қорытындысы.

3.БАҚ-на жазылу туралы.

4.Аудан мектептерінде мамандардың орналасуы, сағат жүктемелерінің бөлісуі.

5.Аудан мектептерінің ҰБТ,КТ,МАБ дайындық жұмыстары туралы

К.Анарметов

Қ.Шәдиева

Г.Тынымбаева

Т.Макенова

Қ.Шәдиева

№3

Кеңес – қараша

1.Білім бөліміне келіп түскен арыз-шағым хаттар бойынша талдау.

2.Мектептердің интернет жүйесіне және қашықтықтан оқыту жұмыстарының қорытындысы.

3.Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылға дейінгі білім беру саласын дамыту бағдарламасының орындалуы туралы.

4.Кешенді тексерулердің қорытындысы.

5.Мүгедектер күнін атап өту, үйде оқытылатын балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастыру туралы.

6.Білім мекемелерінің басшыларын аттестаттау.

7. Білім мекемелерінің рейтингтік көрсеткіші.

8.Жеке үйде оқытылатын оқушылардың оқытылуы туралы.

9.Аз қамтамасыз етілген оқушыларға Жалпы білім қорынан бөлінген қаражат туралы.

Т.Макенова

А.Сыздыкова

М.Асқарова

АББ мамандары

Р.Сатыбалдиев

Т.Макенова

Р.Сатыбалдиев Р.Сатыбалдиев

Р.Сатыбалдиев

№4

Кеңес – желтоқсан

1.     «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығының қорытындысы.

2.     Аудан мекемелеріндегі кадрларды реттеу мәселесі бойынша.

3.     Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

4.     Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған салалық бағдарламасы және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

5.     ҰБТ,МАБ 1 ж/ж қорытындысы.

6.     Мектептердегі асхана, буфеттерде оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы.

Р.Сатыбалдиев

Т.Макенова

Р.Сейітова

Ә.Мұстапаев

Қ.Шәдиева

Р.Сатыбалдиев

№5

Кеңес – қаңтар

1.     Білім беру мекемелері мен білім беруді басқару органдары жұмысындағы балалардың құқығын қорғау мәселелері.

2.     Білім мекемелеріне бюджеттен жұмсалған қаржының нысаналы жұмсалуы бойынша қорытынды есеп.

3.     Білім мекемелерінде қысқы температуралық режимнің сақталуы туралы.

4.     Пәндер бойынша алынған жарты жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы.

5.     Кешенді тексерулер қорытындысы

6.     Мөлтек аудан есебі.

7.     Оқушшылардың тасымалдануы.

С.Байдуллаев

Г.Әзімбаева

К.Анарметов

Ә.Мұстапаев

АБББ мамандары

Қ.Шәдиева Р.Сатыбалдиев

№6

Кеңес – ақпан

1.     Аудан мектептері бойынша мұғалімдердің озат іс-тәжірибелерін тарату жолдары.

2.     Жалпыға орта білім берумен қамтамасыз етудегі жұмысы туралы.

3.     Кешенді тексерулердің қорытындысы.

4.     Өзбек тілінде оқылатын мектептерде ҚР Конституциясының, ҚР мемлекеттік рәміздерінің дұрыс қолданылуы.

5.     Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарына ғылыми, әдістемелік және эксперименталды оқыту процестерін ұйымдастыру туралы.

Ә.Мұстапаев

Р.Сатыбалдиев

АББ мамандары

Ж.Бекмырзаева

Р.Сейітова

№7

 Кеңес – наурыз

1.     ҚР-сының білім ұйымдарының педогог және басқа қызметкерлерінің аттестациялау тәртібі және жаңа  Ереже туралы.

2.     Құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы құқық кәбинетінің маңызы.

3.     Даярлық топ, бастауыш сыныптарының оқу бағдарламасының орындалуы туралы.

4.     МАБ-ның қорытындысы.

5.     Мектеп мүлкін есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету жұмыс жүйесі  туралы.

6.     Кешенді тексерулер.

Т.Макенова

Ж.Бекмұрзаева

Б.Халиева

Қ.Шәдиева

К.Анарметов

АБББ мамандары

№8

Кеңес –

сәуір

1.     ҚР Үкіметінің АӘД пәнінің оқытылуы бойынша № 1340 қаулысы туралы.  

2.     Мектептердегі кәсіби бағдар беру және еңбекке баулу жұмысының жағдайы туралы.

3.     ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы.

4.     Кешенді тексерулер қорытындысы.

5.     Аудан мектептерінде медициналық қызмет көрсету жағдайы.

6.      Оқушылардың жазғы сауықтыру демалысын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және өткізу.

Ж.Бектасов

А.Ахметов

Қ.Шәдиева

АБББ мамандары

Р.Сатыбалдиев

Р.Сейітова

№9

 Кеңес – мамыр

1.     ҰБТ-ға дайындық  жұмыстары туралы.

2.     Оқу жылын аяқтау бұйрығы, мемлекеттік емтихан тапсыру ережелерімен таныстыру.

3.     Тіршілік қауіпсіздіг, көшеде жүру ережелері туралы.

4.     Кешенді тексерулер қорытындысы.

Қ.Шәдиева

Қ.Шәдиева

Р.Сатыбалдиев

АБББ мамандары

№10

Кеңес – маусым

1.     Білім мекемелерінде оқулықтардың сақталуы жайлы.

2.     Облыстық МППК білім беру ұйымдарының біріге жұмыс жүргізуінің қорытындысы, алдағы оқу жылына тапсырмалар туралы.

3.     Мектептердегі оқу жылын аяқтау және мемлекеттік емтихандарды тапсыру қорытындысы.

4.     Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру туралы.

Г.Тынымбаева

Р.Сатыбалдиев

Қ.Шәдиева

Г.Амалбекова

№11

Кеңес – шілде

1.     Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы.

2.     Білім мекемелерін кезекті аттестациялаудың барысы туралы.

3.     Мектептерді ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы.

Қ.Шәдиева

Т.Макенова

К.Анарметов

№12

Кеңес – тамыз

1.     Білім қызметкерлерінің ТАМЫЗ кеңесін өткізуі туралы.

2.     Аудан мектептеріндегі күрделі және ағымдағы жөндеу, қысқа дайындығы туралы.

3.     Жаңа оқу жылын бастау, Білім күнін өткізу туралы.

4.     Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы.

М.Асқарова

К.Анарметов

Қ.Шәдиева

Р.Сатыбалдиев

VІІІ. 12 Жылдық білім беруге көшуге даярлық жұмыстарын жүргізуге байланысты жүргізілетін іс-шаралардың

ЖОСПАРЫ

р/с

Атқарылатын іс-шаралар

мерзімі

жауаптылар

І. Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс

     1.   

ҚР «Білім туралы» Заңы

Үнемі

Білім қызметкерлері

     2.   

ҚР білім беруді дамытудың 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары

Үнемі

Білім қызметкерлері

     3.   

ҚР білім беруді 2005-2010 жылға дейінгі дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Үнемі

Білім қызметкерлері

     4.   

ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстар

Үнемі

Білім қызметкерлері

     5.   

Болоньдегі Еуропа елдері білім Министрлігінің кеңесі ұсыныстары

Үнемі

Білім қызметкерлері

     6.   

ҚР 12 жылдық жайы орта білім беру тұжырымдамасы

Үнемі

Білім қызметкерлері

     7.   

ҚР 12 жылдық жайлы орта білім беру тұжырымдамасы

 

Білім қызметкерлері

     8.   

ҚР 12 жылдық білім беру проблемалары Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «2006-2007 оқу жылында Қазақстан Республикасының 12 жылдық мектебінің 1-4 эксперимент сыныптарында оқытуды ұйымдаструдың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты

Үнемі

Білім қызметкерлері

     9.   

ҚР-сының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Үнемі

Білім қызметкерлері

Сайрам аудандық әкімдігінің

аудандық білім беру бөлімі  мемлекеттік  мекемесі

Б Ұ Й Р Ы Қ    №_____________

         Ақсукенті

                            «____» __________________ 2008 жыл

Аудандық білім беру бөлім аппарат қызметкерлері арасында міндетті жұмыстарды бөлісіп бекіту жайлы.

Аудандық білім беру бөлім аппарат қызметкерлері арасында еңбек бөліністерін реттеу мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Аталған мақсатта аппарат қызметкерлеріне жұмыс салалары төмендегідей бөлініп, құқықтары мен жауапкершіліктері бекітілсін:

Қаратаев Нұрболат Ақтайұлы –

аудандық білім беру бөлімнің меңгерушісі (E-R-1)

Білім саласындағы азаматтардың Конституциялық құқын қамтамасыз етеді және жүзеге асырады;

·        Аудандық және жоғары тұратын ұйымдармен жұмысты үйлестіреді;

·        Аудандық білім беру мекемесін басқару;

·        Бөлімнің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалуына бақылау жасайды;

·        Аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік қызметкерлерін, аудандық әдістемелік кабинет қызметкерлерін, орта, негізгі және бастауыш мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің басшыларын тағайындайды, жұмыстан босатады;

·        ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» және басқа да заңдық және нормативтік актілердің аудандық білім беру бөлімінде және білім мекемелері мен ұйымдарында орындалуын бақылайды;

·        Білім беру бөліміне қарасты оқу мекемелері мен ұйымдарының дамуына қажетті жоғарғы мекемелерге белгіленген тәртіп бойынша мәселелер енгізді;

·        Заңға қарама-қайшы келген жағдайда білім беру бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің бұйрықтары мен шешімдерінің күшін жояды;

·        Білім мекемелері ұйымдарының штаттық кестесін бекітеді;

·        Білім беру саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға байланысты белгіленген тәртіп бойынша кеңес шақырады;

·        Ауданның білім саласы қызметкерлерін сыйлыққа, наградаларға, құрмет белгілеріне ұсынады;

·        Аудандық білім беру бөлімі кеңесінің, аппарат мәжілісінің және аудандық аттестациялық комиссиясының жұмысына төрағалық етеді;

·        Білім беру бөлімінің ведомствосына қарасты білім мекемелерін белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастыру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

·        Мемлекеттік 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламаны ауданда жүзеге асыруды үйлестіреді;

·        Білім беру бөліміне қарасты мекемелердің материалдық базасын жасақтау, толықтыру жұмыстарын қамтамасыз етеді;

·        Білім мекемелерін жаңа оқу жылына сапалы дайындауға басшылық пен бақылау жасайды;

·        Білім саласы қызметкерлерінің ОПКБАжҚДИ-нан білімді жетілдірудегі келісімнің орындалуын қамтамасыз етеді;

·        Қабылдау күн кестесіне сәйкес жеке азаматтарды қабылдайды, өтініш-шағымдарына байланысты тиісті шешім шығарады;

өзара қызмет алмасу ------------- М. К. Асқарова

Асқарова Мария Келесқызы

аудандық білім беру бөлімнің меңгерушісінің орынбасары (E-R-2)

·        Білім саласындағы азаматтардың Конституциялық құқын қорғауды іске асыруды қамтамасыз етеді;

·        Қабылдау күн кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдап, шағым, арыздарын қарайды;

·        Білім беру бөлімі аппаратының регламентін жетілдіреді;

·        Жоғары тұрған мекемелерге тиісті сауалдар бойынша уақытылы мәлімет дайындау және құжаттардың орындалуын талдайды, сараптайды, қорытындылайды;

·        Білім мекемелерінің жүйесін жақсарту, жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстар жасайды;

·        Жалпы оқуды қамтамасыз етуі бойынша білім мекемелерінің қызметін зерттейді;

·        Аудандық білім беру бөлімінің эксперименттік комиссиясының жұмысын үйлестіреді;

·        Білім мекемелерін тексеруді ұйымдастыру, оның қорытындысы бойынша және басқа өзекті мәселелер бойынша бөлім кеңесі мен аппарат мәжілісін өткізуге құжаттар дайындайды;

·        Жалпы білім беретін мектептерде жаңа оқу жоспарларын енгізуді қамтамасыз етеді;

·        Білім беру мекемелерінде қазіргі заманның талабына сай сапалы білім және тәрбие жұмысын жақсартуды қамтамасыз етеді;

·         Қоғамдық құқық қорғау және шығармашылық ұйымдармен бірлесе отырып, білім мекемелеріне көмек беруді, тексетуді ұйымдастырады;

·        АБББ жетекші, бас мамандарының жұмыстарына басшылық, бақылау жасайды, бағыт-бағдар, әдістемелік көмек береді;

·        Құқықтық насихат және заң талаптарын бұзудың алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады;

·        әр тоқсан соңында аудан білім мекемелерінің рейтингтік қорытындысын шығаруды қадағалайды;

·        жетекшілік ететін жоғарғы тұрған және басқа ұйымдарға оқу-тәрбие процесін дұрыс жолға қою жөнінде ұсыныс береді;

·        тәжірибе алмасу және шығармашылық іс-сапарлар ұйымдастырады;

·        ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» және басқа да заңшығаратын  және нормативтік актілердің аудандық білім беру бөлімінде және білім мекемелері мен ұйымдарында орындалуын қамтамасыз етеді;

·        Бөлім бойынша жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуына үйлестіреді;

·        Бөлімдегі ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;

·        Бөлім қызметкерлерінің іс-сапарын ұйымдастырады, іс-сапар қорытындысы бойынша ақпараттарды жинақтайды;

·        Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі іс-сапарда болғанда бөлімге түскен кіріс және шығыс құжаттарына, есепшілер құжаттарына қол қояды және бөлімге басшылық жасайды;

Өзара қызмет алмасу ----------- М. С. Кембаева

Сатыбалдиев Рахманқұл Қорғанұлы –

 білім беру бөлімнің бас маманы

·        Құзіретіне сай Білім саласына қатысты Заңдар, Қаулылар, шешімдер, бұйрықтар мен нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз етеді;

·        Жалпы оқу қорына қаржының бөлінуін қадағалайды;

·        Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалрдың есебін және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын қадағалап, ұйымдастырып жүргізеді;

·        Физика, математика, информатика, химия, биология пәндерінің бағдарламасы білім стандарты талабын, игерілуін талдап тірек мектептеріне басшылық етеді;

·        Аудан оқушыларының мектепке тартылуын ұйымдастырады, қадағалайды;

·        Мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде оқытылуын ұйымдастырады, қадағалайды, есебін жүргізеді;

·        Медбикелердің жұмыстарына басшылық жасап, әдістемелік бағыт-бағдар берілуін ұйымдастырады;

·        Ыстық тамақтың ұйымдастырылуын үйлестіреді, бақылайды;

·        Оқушылардың мектепке тасымалдануын қамтамасыз етеді;

·        Жол қозғалысы және техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды және басқарады;

·        Есепте тұратын мемлекеттік құжаттарды сақтау және тапсыру;

·        әдістемелік, анықтамалық құжаттармен жұмыс жүргізеді;

·        Өзбек мектептерінде білім стандарты талабының игерілуін талдайды, басшылық жасайды;

·        Көлкент, Бадам, Жаңаталап, Жұлдыз ауыл округтары әкімшілігіндегі мектептерге жетекшілік жасайды;

Өзара қызмет алмасу ---------Қ. Б. Шәдиева

Кембаева Майя Саятайқызы –

аудандық білім беру бөлімнің бас маманы (E-R-4)

·        Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстарының құжаттарын /тәртіптік, конкурстық, аттестациялық, стаж есептеу, мансаптық өсу т.б./ жүргізеді;

·        Кадрларды орналастыру және іріктеу бойынша мәліметті жинақтап қорытындылайды;

·        Кадрлар бойынша жоғары тұрған ұйымдардың инструктивтік нұсқауларымен жұмыс ұйымдастырады;

·        Мұғалімдік кадрлар санының өзгеруі жөніндегі есеп (Ф227);

·        Құпиялық құжаттарды жеткізу;

·        Аудандық білім беру бөлімі бойынша кадрлардың бұйрықтары және қозғалысы;

·        №2 таблица формасы бойынша жоғары және орта арнаулы білім мамандарының құрамы туралы есеп;

·        Жас мамандардың сынақ ісі бойынша жұмысты ұйымдастыру;

·        2-Т формасы бойынша есеп;

·        Еңбегі сіңген мұғалімдер туралы мәлімдеу;

·        №6 формалы есеп дайндау;

·        Бөлімнің номенклатуралық және оқу-бақылау қызметіндегі жұмысшылардың бақылау тізімі;

·        Бөлімнің басшы кадр резервтерімен жұмыс;

·        Бөлім қызметкерлерінің сапалық құрамы туралы мәліметтер (РИК-83);

·        Педагог кадрлардың аттестациялық құжаттарының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді, аудандық аттестациялық комиссиясына хатшылық етеді;

·        АББ қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өтуін қадағалайды;

·        Білім бөліміне түскен арыз шағымдардың тіркеу, статистикалық есеп «1-ОЛ» тапсыру және уақтылы жауап берілуін қадағалау;

·        Білім мекемелерін аттестациялау жұмыстарын ұйымдастырады;

·        Ақбұлақ, Қаратөбе, Сайрам, Қарамұрт ауыл округтары әкімшілігіндегі мектептерге жетекшілік жасайды;

·        Орыс тілі, шет тілі пәндерінің оқытылуына басшылық жасайды;

Өзара қызмет алмасу -------- М. К. Асқарова

Шәдиева Құралай Балтабайқызы –

аудандық білім беру бөлімнің бас маманы (E-R-4)

·        Жалпыға міндетті білім берудің орындалуын бақылайды, емтихандармен пән олипиадаларының дұрыс жүргізілуін ұйымдастырады;

·        Мектептердегі сыныптан сыныпқа көшіру және мектеп бітіру емтихандарының, ҰБТ, МАБ тапсырысының талапқа сай өтілуін, үздік оқушылардың, грант, кредит иелерінің есебін алуды ұйымдастырады, үйлестіреді;

·        «Ауыл мектебі» бағдарламасының орындалуын талдайды, үйлестіреді;

·        Мектеп бітірушілердің оқу орындарына түсу, еңбекке орналасуы жөніндегі есебін алады, ұйымдастырады;

·        Аудандық білім беру бөлімі бойынша мемлекеттік бағдарламамен оқу жоспарының орындалуына, жұмыстың нәтижесіне талдау жасайды;

·        Мектептердегі қатаң есептегі құжаттардың дұрыс жүргізілуіне бағыт бақылау және басшылық жасайды;

·        Білім құзырындағы мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істейді;

·        Білім беру бөлімі меңгерушісінің тапсырмасы бойынша комиссиялар мен кеңестер жұмысына жауап береді;

·        Жалпыға бірдей оқудың іске асырылуы жөнінде статистикалық есеппен мәліметтің уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етіледі;

·        Экстернат мектептерді анықтайды және оларды нормативтік құжат талаптарының орындалуына көмек береді;

·        Өз саласы бойынша дер кезде есеп өткізеді;

·        0-17 жастағы балалардың есебін алады

·        12 жылдық білімге көшуге дайындық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге және үйлестіру;

·        Арыс, Қарабұлақ, Манкент, Жібек-жолы ауыл округтары әкімшілігіндегі мектептерге жетекшілік жасайды.

·        Қазақ тілі және әдебиеті,  өзбек тілі мен әдебиеті, бастауыш сыныптар пәндерінің оқытылуына, инновация жұмысына басшылық жасайды

Өзара қызмет алмасу----------- Р. Сатыбалдиев

Г. Тыныбаева -

аудандық білім беру бөлімнің жетекші  маманы (E-R-5)

·        Аудан бойынша мектеп оқушыларының оқулықпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, басшылық жасау;

·        Оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету, берілген лимитке сай оқулықты бөліп таратуды ұйымдастыру;

·        Мектептердегі оқулық, көркем әдебиет, әдістемелік әдебиеттерге терең талдау, олардың қорын молайту жұмыстарын ұйымдастыру;

·        Мектептердегі кітапхана жайы, оқулықтардың күтімі, сақталуыан бақылау жасау;

·        Мектептердегі кітап түптеу үйірмелерінің жұмысына басшылық жасау;

·        1 қыркүйек күні оқулықтардың салтанатты жағдайда тапсырылуын ұйымдастыру;

·        Оқушылардың оқулықпен қамтамасыз етілуі т.б кітапхана жұмыстарына байланысты мәселелер бойынша білім беру бөлімінің кеңесіне материалдар дайындау, ұсыну;

·        Жоспарлы түрде баспалар арқылы шығатын әдебиеттер мен оқулықтардымектептерге хабарлап отыру;

·        Кітапханашылармен әдістемеллік жұмыстар жүргізу, семинар, педоқуға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, өтілуін қамтамасыз ету;

·        Әдістемелік хаттар, ұсыныстар, нұсқаулар жазып мектептерге жеткізу;

·        Озат тәжірибелердің тарату жұмысымен айналысу;

·        Оқулық пен әдеби, әдістемелелік кітаптарға сұраныстар дайындап, уақытылы беріп отыру;

·        Аудан бойынша кітапханашылар кеңесін құрып, шығармашылық топтың жұмысына басшылық жасау;

·        Кітапханашылардың есебін алып, білім жетілдіру жұмысын ұйымдастыру;

·        Мұғалімдер мен оқушылардың кітап оқу мәдениетін көтеру, кітапқа деген қатынасын арттыру, қызығушылығын дамыту жолында жұмыстар жүогізу;

·        Аудандық білім беру бөлімі және білім мекемелері қызыметкерлері мен оқушылардың басылымдарға жазылуын ұйымдастыру;

·        Білім бөлімі кеңесі мен мәжілістерінің, бөлім бастығы жанындағы кеңестік мәжіліс хаттамаларын жазып, іс-қағаздарын жүргізу;

·        Басылымдармен келісім шарт дайындайды.

·        Балалардың жыл бойы және жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру, бақылауды қамтамасыз ету;

·        Психолог, социолог жұмыстарына, сурет, еңбек пәндерінің оқытылуына басшылық жасайды;

·        Құтарыс, Қайнарбұлақ ауыл округтары әкімшіліндегі мектептерге жетекшілік жасайды.

                 Өзара қызмет алмасу----------- Қ. Мұсаева

Мұсаева Құралай –

аудандық білім беру бөлімнің жетекші  маманы (E-R-5)

·        Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім, жартылай жетім балаларды анықтайды, осындай бабалардың есебін алады;

·        Аудан білім мекемелері мен ұйымдарындағы жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтар мен мүдделерін қорғау жұмыстарын жұргізу;

·        Қазақстан Республикасының 24.12.1998 ж «Неке және отбасы туралы» Заңы негізінде жетім, жартылай жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқын қорғау жұмыстарын жүргізеді, оларға патронатты тәрбиешіліктерді іріктеп, тағайындау жұмысын ұйымдастырады;

·        Қорғаншылардың (қамқоршылардың) және қамқорлыққа алғандардың құқықтық жағдайлары мен міндеттерін орындауын қадағалайды;

·        Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршыларды іріктеп тағайындау, балалар үйлеріне орналастыру, сондай-ақ оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады;

·        Кәсіпкерлермен, қайырымдылық қорларымен балаларға көмек көрсету, демеушілік жасауды ұйымдастыру мақсатында байланыс жасайды;

·        Азаматтардың балалардың қорғау мәселесіне қатысты арыздарын тіркейді, талқылайды, заңға сәйкес жауап береді;

·        Курстарды, семинарларды ұйымдастыру, жеке консультация өткізу, әлеуметтік педагогтар мен қоғамдық инспекторларға әдістемелік-практикалық көмек көрсетеді, түрлі өзекті тақырыптарда ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар өткізеді;

·        Баланы қорғау мәселесі бойынша тиісті мекемелерге жоғары органдар мен тиісті мекемелерге мерзімінде есеп беруді қамтамасыз етеді;

·        Кәсіби бағыттағы жұмысты, еңбекпен қамту қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ мектеп бітіруші жетім балаларды оқуға, жұмысқа орналастыру шараларын қарастырады;

·        Жетім баларалды балалар үйлеріне, интернаттарға орналастыруға дайындайды, іске асырады;

·        Мектеп оқушылары үшін ұйымдастырылатын дәстүрлі аудандық «Қамқорлық» Акциясының жұмысын жоспарлайды және өткізілуін үйлестіреді;

·        Ақсу,Қарасу, Тассай ауыл округтары әкімшілігіндегі мектептерге жетекшілік жасайды.

·        Тарих, құқық, география, АӘД пен дене шынықтыру пәндерінің оқытылуына басшылық жасайды және тәрбие жұмысын бақылайды.

Өзара қызмет алмасу---------Г. Тынымбаева

Бегалиева Гүлнар Қонысбекқызы –

 білім беру бөлімнің бас есепші – бас  маманы

·        Жалпы қаржының білім беру бөліміне қарасты мекемелердің қаржыларының бөлуін басшылыққа алады;

·        Уақытша жұмысқа жарамсыз кезеңдегі күндерге уақытында ақының төленуін қадағалайды;

·        Зейнетақы қорының сақталуын, дұрыс аударылуын қадағалайды;

·        Аудандық білім беру бөліміне қарасты білім мекемелеріндегі қызметкерлердің жеке шоты ашылуын қадағалайды, бақылайды;

·        Аудандық білім беру бөліміне қарасты білім мекемелерінің жылдық есебін дер кезінде тапсыруына басшылық жасайды;

·        Аудандық білім беру бөліміне қарасты мекемелерінің бюджетін қарастырады және үнемдейді;

·        Аудандық білім беру бөлімінің, білім беру мекемелерінің штаттық кестесін және шығын сметаларын талдайды, түзеді, қарастырады;

·        Аудандық білім беру бөліміне қарасты мекемелерінің сынып санын комплектейді;

·        Аудан мектептеріне қосымша қаржының табылу жолын іздестіреді;

·        Аудандық білім беру бөліміне қарасты мекемелерінің бөліп оқытылуын қарастырады;

Өзара қызмет алмасу---------- А. Сейдуанов

А. Қабылбеков –

әдістемелік кабинет меңгерушісі

·        Аудан бойынша білім беру саласы мекемелерінің әдстемелік жұмыстарын ұйымдастырып, әдіскерлер жұмысына басшылық пен бақылау жасау;

·        Мектепшілік, мектепаралық, аудандық әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйлестіреді;

·        Облыстқ үздіксіз білім беру институтының жоспарына сай мұғалімдердің тәрбиешілері мен мектеп басшыларының білім жетілдіру курысынан өтуіне ұйымдастыру;

·        Аудандық білім беру бөлімі тарапынан байқау, семинар, конфиренциялардың жоспарлы түрде өтілуіне басшылық жасау;

·        Білім мекемелерінің қызметкерлерніне практималық көмектер беріп, әдістемелік хаттардың, ұсыныстардың, мектептерге жеткізілуін ұйымдастырып, бақылап отыру;

·        Озат педагогикалық ұжымның, мектеп басшыларының, ұстаздардың үлгілі тәжірибелерін зерттеп, жинақтауға, таратуға, өмірге, енгізуге басшылық жасау;

·        Оқушылардың пәндік олипиядасынаәдістемелік көмек ұйымдастырады;

·        Аудандағы шығармашылық топтрадың жұмысына басшылықты күшейту;

·        ОблБД, Облыстық үздіксіз білім беру институтына аудан әкімшілігіне қажетті уақытта әдістемелік жұмыстар мен өзіне тапсырылған пәндер жөнінде мәлімет пен есептер беру;

·        Пәндер бойынша оқу жоспары мен бағдарламаларының орындауына әдістемелік көмек ұйымдастыру;

·        Бағдарлы-бейінде оқуға әдістемелік көмек ұйымдастыру;

·        Мектептерде пән кабинеттері мен әдістемелік кабинеттің жабдықтауына әдістемелік нұсқау беру;

·        Мұғалімдердің, мектептің жұмысына диагностикалық талдау жасау мен оқушылар білім сапасына жылына екі рет талдау, сараптау жасау;

·        Аудан мектептеріндегі пәндердің тереңдетіліп оқытылуына әдістемелік бағдар беру;

·        Мұғалімдерге әдістемелік көмектер беріп, ғылыми-әдістемелік хаттардың, ұсыныстардың мұғалімдерге жеткізілуіне бақылап, ұйымдастыру;

·        Әдістемелік педагогикалық кабинеттің кіріс, шығыс құжаттарына басшылық пен бақылау;

·        Білім мекемелерінде эксперимент жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

Өзара қызмет алмасу ----------- Ә. Мұстапаев

Мектептерді  жан-жақты тексерудің естеліктері

Жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге асыру

1.                 Мектепте жарияланатын міндетті оқу айлықтарының өтетін нақты мерзімі жазылып, кіре беріс залға іліну (шарасы, бұйрығы)

2.                 1-15 папка (іс құжаттарының толық болуы тиіс)

3.                 Бұйрық  кітапшасы (келген-кеткен оқушының бұйрығы өз уақытысында жеке тігілуі тиіс)

4.                 Алфавиттік кітап (нөмерленген, шнурланған болуы тиіс, оқушы саны, алфавиттік кітапта, бұйрық кітабында, журналда бала саны сәйкес болуы тиіс)

5.                 Журнал әр апта сайын тексерілуі керек (бір иямен толтырылуы, журналдағы жалпыға бірдей оқу парағында)

6.                 Мөлтекауданы схемасы «ауыл әкімі, мөрімен расталып көрсетілуі тиіс)

7.                 Мөлтекауданы дәптері (дәптердегі сұраныс беттері толық толтырылуы, қабылдап алушының қолы қойылуы тиіс)

8.                 0-6 жас тізім (форма бойынша алыну керек)

9.                 6-17 жас тізімі (форма бойынша алыну керек)

10.            Мүгедек бала туралы мәлімет (жетім, жартылай жетім, жайсыз отбасы, аз қамтылған отбасы)

11.            Ыстық, қоғамдық тамақ берілуі (құжаттары толық тігілуі тиіс)

12.            Мектеп басшылары сабақтастығы (айына 24 сабақтан кем болмауы керек)

13.            Пән мұғалімдері сабақтастығы

14.            Пән секция жұмыстары (жоспары, хаттамалары, атқарылған жұмыстары толық болуы тиіс)

15.            Жас мұғалімдермен жұмыс (жоспар, ұстаз жетекші тағайындалу керек)

16.            Үйден оқытылатын оқушы (құжаттары: күнтізбелік жоспары, сабақ жоспары, оқушының дәптері толық болуы тиіс)

17.            Сабақ сапасының қадағалануы (мұғалімнің күнделікті жоспары, күнтізбелігі)

18.            Аз қамтылған отбасының балаларына ай сайын көрсетілген көмектің есебі

19.            Қамқорлық, қайрымдылық акциясы туралы мәлімет (жиналған қаржының жұмсалған жөніндегі комиссияның құрылуы, оқушының алғандығы жөніндегі іс құжаттар толық болуы тиіс)

20.            Тасымалдау (подвоз)

21.            Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының бөлінген қаражаты (форма №18, құжаттары толық тігілуі керек)

22.            Қиын баламен жұмыс құжаттары

23.            Сынып жетекші рейтингілері

24.            Экстернат (Білім және ғылым Министрлігінің №52 бұйрығына сәйкес жинақталуы керек)

25.            ОҒҚ (жұмыстары, жоспары, ұстаз жетекшісі болу керек)

26.            Міндетті оқу айлығы кезінде рейд ұйымдастырудың кезекшілік графигі болу керек

Мамандар және іс-құжаттармен жүргізілетін жұмыстар

1.                 Мамандардың сапалық құрамы, жекелік іс-құжаттары толық па, нөмірлерінің алфавиттік кітаппен сәйкес келуі, шнурланып тігілген бе?

2.                 Педагогикалық білімі жоқ мамандар, орта білімді мамандар бар ма? Олар қандай негізде алынған?

3.                 Мұғалімдердің апталық жүктемелері тола ма? Келісім-шарт жасаған ба? Жүктеме бөлу қайда жүзеге асырылады?

4.                 Комплектование (тамыз) материалдары бар ма?

5.                 Мамандар есебі тыңдала ма? Курстан соң ше?

6.                 Жас мамандармен, резерв мамандармен жұмыс қалай ұйымдастырылған?

7.                 Педкадрлар міндетті медициналық байқаудан өткен бе? Құжаттарын қарау.

8.                 Марапаттау құжаттары, қайда қаралған, протоколдары, марапаттау қағаздары бар ма?

9.                 Аттестациялау жұмысы қалай жүреді?

а)    Аттестациялаушының өтініші бар ма?

ә)    Бұйрық, шара жасалған ба?

б)  Аттестациялаушылардың сабағына сарапшылардың қатысуы, пікірі

в)   Аттестация бұрышы бар ма, Ережемен ұжым таныстырылған ба? Аттестация жөнінде қайда қаралды (педкеңес, методкеңес және т.б.)

г)   Папкасы бар ма, протоколдары, жауапты адам? Аттестация комитетінің ұсыныстары қаралған ба?

10.            Номенклатура дел бар ма? Іс құжаттар сол бойынша реттелген бе? Архивпен келісілген бе, бекітілген бе?

11.            Архив кабинеті бар ма? Документтердің сақталуы, арнайы маманға жүктелген бе?

12.            Нормативті құжаттардың қаралуы, қайда қаралған? (педсовет, дирекция, т.б)

13.            Бақылаудағы құжаттармен жұмыс қалай ұйымдастырылған? Тізбесі бар ма? Жинақтау папкасы ашылған ба?

14.            Іс құжаттармен жұмысқа жауапты адам белгіленген бе? әкімшілік мүшелеріне міндетті жұмыстар бөлінген бе, жауапкершіліктері мен құқықтары белгіленген бе?

15.            Педкеңес материалдары қалай жүргізілген, жоспармен сәйкес келе ме? Қаулысында нақты мәселері қамтылған ба? (қосымша материалдар тігілген бе?)

16.            Бұйрықтардың жүргізілуі

17.            Кіріс – шығыс журналдарының жүруі

18.            Өтініш, арыз-шағымдармен жұмыс қалай ұйымдастырылған? Озат тіркелген бе? Тіркеу журналы шағым иесіне жауап беріле ме?

19.            Мектептегі ішкі еңбек тәртібі Ережесі? Оның орыналуы?

20.            Мектептің жоспары, орындалуы, атқарылған істердің жоспармен сәйкес келуі?

Әдістемелік жұмыстар

1.                 Әдістемелік бірлестіктің құрылғаны жөнінде бұйрық

2.                 Әдістемелік бірлестік жетекшісінің тағайындалуы туралы бұйрық

3.                 Әдістемелік бірлестіктің Ережесі

4.                 Бірлестіктегі мұғалімдердің қызметтік міндеттері

5.                 Өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау

6.                 Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары

7.                 Айлық жоспар

8.                 Мұғалімдер жөніндегі мәлімет (сапалық құрамы)

9.                 Әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің өз білімін көтеру, іздену тақырыптары

10.            Мұғалімдерді аттестациядан өткізудің перспективалық жоспары (5 жыл)

11.            Мұғалімдерді аттестациядан өткізу кестесі (1 жылға)

12.            Бірлестік мұғалімдерінің білім жетілдіру курсына өту жоспары (5 жылға, курстан өткен мұғалімдердің тізімі, куәлігі және әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерге қаралып, есебін тыңдалуы, ауданға есебін беру)

13.            Бақылау, зерттеу жұмыстарының графигі (мақсаты: оқушыларға шамадан тыс салмақтың түспеуін, бір күнге бір бақылау жұмысының ғана қойылуын қамтамасыз ету)

14.            Әкімшілік тарапынан болатын бақылау жұмыстарының графигі

15.            Ашық сабақтар өткізу графига

16.            Әдістемелік апталықтар жоспары

17.            Жиналыс, семинар, конференция, дөңгелек столдар, шығармашылық есептер, іскерлік ойындарды жүргізу кестесі

18.            Бағдарламалар жиыны (авторлық, факультативті, үйірме, т.б.)

19.            Оқыту әдістемелері, оқыту бағдарламалармен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат

20.            Күнтізбелік, тақырыптық жоспарлар (әр пән, факультативтік сабақтармен, пәндік үйірмелер бойынша)

21.            Жас мамандармен жұмыс жүргізу жоспары

22.            Жаңа келген мамандармен жұмыс жүргізу жоспары

23.            Пәндік, апталықтардың жоспары, материалдары

24.            Мектепшілік бақылау бойынша ақпараттық-талдау анықтамалары, диаграммалар, диагностикалық зерттеулер, рейтинг, мониторинг т.ю.

25.            Жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар, инновациялық әдістемелер (қай түрімен жұмыс жүргізеді, авторы, нәтижесі)

26.            Мұғалімдердің озат іс-тәжірибесі (таратылуы, әдістемелік, педагогикалық кеңестерге қаралуы, бірлестіктегіжұмыстары, мектеп ішіне, ауданға, облысқа, республикаға таралу жолдары)

27.            Баспасөз бетіне еңбектері жарық көрген мұғалімдер (кітапша шығару, бүктеме жасату, авторлыққа кіру, т.б.)

28.            Бірлестік отырыстарының хаттамалары

Кітапхана жұмыстары

1.                  Кітапхананың жылдық, айлық, апталық жоспарлары және оның орындалуы

2.                  Кітапхананың жұмыс уақыты

3.                  Мектеп басшыларының кітапханамен байланысы, басшылығы

            Кітапханада жұмыс жүргізуге қолайлы жағдай жасау, жылығын сақтау 18-200С

            Оқырмандардың кітап оқу бақылау көрсеткіштерінің орындалуы

            Мәдени шаралардың (оқырмандар конференциясы, ауызша журнал, кездесу кеші, диспут, т.б.) дұрыс ұйымдастырылуы, жинақталған материалдар

            Кітапхана жұмысы бойынша сынып жетекшілерін рейтингілеу

4.                  Кітапхана Ережесінің ілінуі

5.                  Кітапханада жүргізілетін номенклатуралық іс құжаттардың жүргізілуі (01.06. – 24. 06. аралығы)

6.                  Инвентарлық кітапта жылдық инвентаризация бойынша тексерудің белгісі. Түгендеу актісі

7.                  Формулярдың қайта есепке алынуы

8.                  Жоғарыдан түскен хаттар, бұйрықтардың орындалуы

А)   ҚР Білім және ғылым Министрлігінің білім беру ұйымдарына 2008-2009 оқу жылына пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі бекітілген 27 желтоқсан 2002 жылғы №914 бұйрығының орындалуы

Б)   Аудандық білім беру бөлімінің 09.12.03 жылғы №377 іс шарасының орындалуы (аз қамтылған оқушыларды анықтау, штат есебі, тізімі)

9.                  ҚР Үкіметінің №173 қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету жайлы» ережесінің орындалуы (төмендегі формада тексеріледі)

реті

Оқушы саны

Аз қамтылған оқушы саны

Берілген оқулық саны

Жетіспейтін оқулық саны

Бөлшек сауда арқылы қамтылғаны

Пән мұғалімдерінің аты-жөні

Сынып жетекшісінің аты-жөні

Оқулықтармен қамтылу % есебімен

1-сынып

               

2-сынып

               

3-сынып

               

4-сынып

               

т.б.

               

10.              Оқлық сақталынатын жеке бөлменің болуы

11.              Оқушыларға оқулықтың берілуі жайлы папкалардың болуы (әр оқушының, сынып жетекшілерінің, ата-анасының қолы қойылады)

12.              І/Әдеби кітаптардың ББК тәртібімен орналасуы

13.              Әдістемелік әдебиеттердің жеке орналасуы

14.              Жаңа түскен әдістемелік, көркем әдебиеттер насихаттала ма? Насихаттың түрі?

15.              Тақырыптық және атаулы күндерге байланысты көрмелердің болуы. Көрме тақырыптарының мазмұнды ашылуы қалай?

А)  Б. Сопақбаевтық 80 жылдығына көрме ұйымдасқан ба?

Б)  Тың игеруге 50 жыл (көрме бар ма?)

16.              Кітапхананың эстетикаға сай жабдықталуы

Дене тәрбиесі

1.                Жылдық  жоспар үлкен плакатқа жазылып, ілініп тұру керек – 68 сағат

2.                Спорт залдың жағдайы, жылылығы, тазалығы, офомлениясы, спортинвентарьларын тексеру

3.                Әдістемелік кабинет жабдықталған ба? «Спорт өмірі» стенді, «Спорт туралы» Заң ілінген бе?

4.                «Білім жүйесіндегі дене шынықтыруды дамыту» Концепциясы басшылыққа алынған ба, шара жасалған ба (5 жылға)?

5.                Сыныпаралық жарыстар өткізілген бе, протоколы бар ма?

6.                Денсаулық күні – Көңілді старт, «Көңілді жанұя» жарыстар өткізілген бе, протоколы тігілген бе?

7.                Апталықтар өткізілген бе, шарасы жасалып, протоколы тігілген бе?

8.                Сынып журналы жүргізілуі, бағасы (журналдың артындағы дене шынықтыру арнайы беті толтырылған ба?)

9.                Президенттік сынамалар бұрышы ілінген бе (президенттің сурет, сқөздері), арнайы өздер, бұйрық хаттамалар, сынақтар алынды ма?

10.           «Жастар» спорт комитеті (сапалық құрамы, жылдық жоспары), протоколымен хаттамасы

11.           Қауіпсіздік сақтау ережесі журналы бойынша қол қойғызып алынған ба?

12.           Сыныптан тыс жұмыстар (жоспар, тізім)

13.           Кадр мәселесі (білімі, курстан өтуі)

14.           Спорт комитетінің жұмыс шарасы, оның орындалуы?

15.           Білім сапасына бақылау, оқушылардың нормативтерді орындау, білім стандартының орындалуы қалай?

16.           Сабақ программасына сәйкес болу керек құрал-жабдықтардың тізбесі

17.           Оқушының аудандық Спартакиадасына қатысу көрсеткіштері және оған дайындық жұмыстары

18.           Профорентация жұмысы жүргізіле ме?

Алғашқы Әскери Дайындық

1.                ҚР 1 қараша 1996 жылғы №1340 қаулысымен облыс әкімінің 23.07.1998 жылғы №7-668 шешімі бар ма, басшылыққа алынған ба?

2.                Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша мектеп директорының бұйрығы шығарылған ба?

А)   Жаңа оқу жылының басталуын (қыркүйек айында)

Ә)   Оқу жылының аяқталуы (мамыр айында)

Б) Оқу-практикалық дала жиынын өткізуге арналған бұйрық шығарылған ба?

В)   Бастапқы әскери дайындық пәні өткізілетін сыныптар «взвод бөлімшелеріне» олардың командирлері, бұйрықпен белгіленген бе?

3.                Аудандық білім беру бөліміне, әскери комиссариатқа тапсырылған қорытынды есептері жинақталған ба?

4.                Бастапқы әскери дайындық пәні жетекшілерінің 2008-2009 оқу жылына арнайы тақырыптық бағдарлама бар ма?

5.                Жетекші ұйымдастырушы күнделікті сабақ жоспары жасалынған ба?

6.                Бастапқы әскери дайындық пәні жетекшілерінің мамандығы бойынша методикалық шеберлігін көтеру мақсатында жасаған жеке жоспары бар ма?

7.                Оқу материалдық базаны құру және жүзеге асыру жоспары бар ма?

8.                Бастапқы әскери дайындық, дене тәрбиесі, медициналық білім негіздері бойынша әдістемелік бірлестік жұмысының жоспары бар ма?

9.                Әскери патриоттық тәрбие жоспары бар ма? Кабинет талапқа сай жасалынған ба? Кезекші тұратын бұрыш жабдықталған ба?

10.           Қару-жарақ бөлмесі нұсқауға сәйкес бар ма?

11.           Мылтық атқызу орны (тир) жабдықталған ба?

12.           Күзет бекеттерін бейнелейтін қалашық жабдықталған ба?

13.           Мектепшілік «Өмір қауіпсіздік негіздері және азаматтық қорғаныс» жөніндегі жоспар бар ма?

14.           Мектептің сыртқы алаңында кедергілерден өту алаңы Нұсқауға сәйкес орындалған ба?

15.           Қауіпті жерде Қауіпсіз жерге оқушыларды орналастыру (эвакуция) жоспары жасалып, ілінген бе?

16.           Оқушылардың білім-білік деңгейі

17.           Әскери дайындық пәні кабинеттері оқу, қару-жарақтарымен (химия, дозиметрия приборымен, оқу противогаздарымен) жабдықталған ба?

18.           Оқлықпен қамтылуы

19.           Профорентациялық бұрыш жабдықталған ба?

Мектептердің санитарлық жағдайы және материалдық базасы

1.                 Мектеп ауласы қоршалып, сырланған ба?

2.                 Шаруашылық зонасында (2х2) көлемінде 2 метр тереңдікте, қалдық төгетін орын бар ма?

3.                 Мектеп ауласында сыртқы жарық көзі бар ма?

4.                 Жылу жүйесін қажетті жөндеуден өткізіп, батареяларды шайып, арнайы акт жасалған ба?

5.                 Терезелері қос қабатты, іші-сырты тазартылып сүртілген бе?

6.                 Жарық жүйесі жөндеуден өткізіліп, плафондар қойылған ба? (50кв.м.-ге 8 лампа орнату)

7.                 Сапалы ауыз сумен қамту мақсатында аузы бекітілген шүмегі бар ыдыс немесе фонтанчик орнатылған ба? Оның сыртында маркировка жасалған ба?

8.                 Сапалы ауыз суды қамтамасыз етіп отыратын белгілі бір адам бұйрықпен бекітілген бе? Арнайы күнделікті журнал жүргізіле ме?

9.                 Дезинфекциялық дәрі-дәрмекпен (хлорамин) қамтылған ба?

10.            Жеке бастың гигиенасын сақтау мақсатында 30 балаға 1 қол жуғыштан орнатылған ба? (2 сменаны ескеру керек) Арнайы септик жасалған ба?

11.            Дәліз, әр сынып бөлмесі, спортзал, асхана тазалық құралдармен қамтылған ба? Белгі қойылған ба? (шелек, шүберек, сыпырғыш)

12.            Асхана жұмыс істей ме? Технологиялық құрылымдары іске қосылған ба? Асхананы жалға алушының келісім шарты (мектеп директорымен, аудандық білім беру бөлімімен, облыстық территориялық комитетімен келісім-шарт жасалған ба?)

13.            Медициналық кабинет талапқа сай жабдықталған ба? Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету бұрышы ұйымдастырылған ба? (кушетка, стол, термометр, градусник – 60 штук, шпатель, мақта, бинт, метр т.б.)

14.            Химия, физика кабинеттерінде лаборатория жабдықтары күнделікті жөндеуден өткізіп, жарамсыздары акт жасалып, істен шығарылған ба? Химия кабинетінде вентиляциялық шкаф іске қосылған ба?

15.            Компьютер кабинеті талапқа сай жабдықталған ба? (ЭВМ 0,5 ара қашықтықта орнату, терезеге күн көзін өткізбейтін материал орнату, заземление жасау)

16.            Оқу кабинеттері жиһазбен қамтамасыз етілген бе, олар гигиеналық талапқа сай келе ме? Жиһазға инвентарлық нөмер қойылған ба? Олардың сақталуы қалай? Инвентарлық кітап жүргізілген бе? Сақталуы?

17.            Сыныпта, мектепте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі Ережелері ілінген бе?

18.            Өрт қауіпсіздік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген бе?

19.            Жер актісі, техникалық паспорт, техникалар туралы құжаттары бар ма? Сақталуы?

20.            Сұйық отынның кіріс-шығыс журналы жүргізілген бе? Арнайы акт жасалған ба?

Тәрбие жұмыстары

І. Тәрбие саласына қатысты іс-құжаттардың жүргізілуі

1.                  Тәрбие жұмысының жоспары (жылдық, айлық, апталық)

2.                  Бақылау циклограммасы

3.                  Сынып жетекшілерінің сапалық құрамы

4.                  Үйірме жетекшілерінің тізімі (мәліметтермен, кестесімен)

5.                  Оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесінің, «Мың бала», «Жастар» ұйымының жұмыс жоспары, ұйым мүшелерінің тізімі, міндеттерінің бөлінуі, орындалуы, нәтижесі, мектеп әкімшілігінің ұйым жұмыстарына басшылығы, ықпалы

6.                  Жағдайсыз жанұя балаларының тізімі

7.                  Қиын балалармен жүргізілетін жұмыс шаралары

А.   Қиын балалардың картотекасы

Ә.   Оқушылармен, мұғалімдермен жеке әңгіме жүргізу дәптері

Б.   Қиын оқушылардың үйіндегі әрекетін зерттеу (бақылау дәптері)

В.   Оның сабаққа қатысуын, сабақ үлгерімін, тәртібін зерттеу

Г.   Ата-аналар комитетін оқушылармен жұмысқа тарту

Ғ.  Қиын балаларды зерттеу, оларға психологиялық-педагогикалық мінездеме

Д.   Қоғамдық жұмыстарға, үйірмелерге, еңбекке тартылуы

8.                  Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы

А.  Жоспары

Ә.  Отырыс хаттамалары

Б.  Қаралған материалдардың жиналуы

9.                  Құқық бұзушылықты болдырмау

А. Құқықтық кеңес жоспары, кеңес мүшелерін бекіту туралы мектеп бұйрығы, кеңес мүшелерінің міндеттерінің бөлінуі

Ә.  Құқықтық кеңес отырыстарының міндеттерін бөлінуі

10.             Құқықтық лекторий жұмысы, жоспарыжұмысы, жоспары

А. Лекциялардың жинақталуы, олардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі, тақырыптың маңыздылығы

Ә. Тоқсан сайын алынған тест, анкета қорытындысы, білім сапасы

Б. Лекторлардың сапалық құрамы

11.             Құқықтық рейдтердің жүргізілуі, рейд журналының толтырылуы, жоспарға сәйкестігі

А. ИДН-мен мектеп арасындағы байланыс

Ә. Рейдтегі фактілердің тіркелуі, оның бақылануы

12.             Құқық кабинетінің Ережеге сәйкес безендірілуі

А. Көрнекіліктердің картотекалануы

Ә. Кабинет паспортының жүргізілуі

Б. Кабинет құқықтық Заң актілерінің, құжаттардың, әдістемелік Нұсқау, әдебиеттердің қоры, құқық айлығының материалдары

13.             Кабинетте ҚР Мемлекеттік рәміздерінің Ережеге сәйкес орналасуы, оның стандартқа сәйкестігі

14.             Салауатты өмір салты бағдарламасының жүзеге асырылуы

А. Оқушылардың зиянды заттарды қолдануының алдын-алу шараларының жүргізілуі, бағдарлама сәйкестігі, материалдардың дайындалу сапасы, жинақталуы

Ә. Сабақ жоспарларының бекітілуі, бағдарлама сәйкестігі

Б. Сыныптан тыс шаралардың жүргізілуі, материалдардың жинақталуы

15.             «Валеология» курсының жүргізілуі

А. Валеология курсы мектепте пән ретінде оқытыла ма, қоғамдық негізде ме?

Ә. Оқу қалай жүзеге асырылған (үйірме, факультатив, арнайы сағат болу, таңдау есебінен)

Б. Сабақ кестесіне енгізілген бе, бекітілген бе?

В. Валеология курсын кім жүргізеді, сапалық құрамы, курстан қашан өткен, сертификаты бар ма?

Г. Тоқсан сайын бағдарлама бойынша оқушылардан тест алына ма, салыстырмалы түрде үлгерім, сапа көрсеткіші қандай?

16.             Мектепте неше оқушы созылмалы ауру түрлеріне байланысты «Д» есепте тұрады, олармен жүргізілетін жұмыс шаралары

17.             Мектептің бағдарламалармен, әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілуі қалай? («Атамекен», «Кәусар бұлақ», «Таным» бағдарламасымен жұмыс)

18.             Құқық тәртібін бұзған оқушылардың мектепішілік профилактикалық есепке тіркелуі, олармен жүргізілетін жұмыстар

19.             Қоғамдық инспектордың бекітілуі, олардың атқарған жұмысы

20.             Есептегі оқушының үйірмеге, қоғамдық пайдалы еңбекке тартылуы

21.             Сыныптағы, сыныптан тыс тәрбие әрекетінің ұйымдастырылуы

А. Даталы мерекелер

Ә. Тақырыптық кештер

Б. Мемлекеттік мерекелер

В. Ұлттық мерекелер

Г. Ертеңгіліктер, жарыстар, байқаулар

Ғ. Денсаулық сағаттары

Д. Дебат, форум, КВН-дер, конференциялар, т.б.

22.             Сынып жетекшісінің әрекетін, тәрбие жұмыстарын, нәтижесін есепке алуы, бағалауы

23.             Сыныптағы, мектептегі көрнекі үгіттердің жүзеге асырылуы, оның мазмұны, эстетикасы, талапқа сәйкестігі, мерзімділігі, жаңашылдығы, әрекеттілігі

А. Мемлекеттік рәміздер

Ә. «Қазақстан - 2030»

Б. 2002-2005 ауыл жылдары

В. «Жасөспірім және Заң» қабырға газеті

Г. Денсаулық бұрышы

Ғ. «Санбюллетень»

ІІ. Сынып жетекшілердің жұмысы

1.                 Оқушылардың психологиялық—физиологиялық ерекшеліктерін білуі, есепке алуы

А. Ата-аналар комитетінің құрамы, жұмыс жоспары, отбасының тәрбиелеу мүмкіндігін білуі, ата-аналармен байланыс

Ә. Сынып ұжымын зерттеуі, қалыптастырылуы

Б. Пән мұғалімдермен байланыс, педконсилиум ұсыныстарын жүзеге асыруы

В. Оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеу

Г. Аз қамтылған жанұя балаларын есепке алуы, оларға көрсетілген көмек

2.                 Сыныптың ұйым жұмыстармен байланысы, қоғамдық жұмысқа тартылуы

3.                 Сынып жетекшілерінің пән мұғалімдерімен координациялық әрекет

А. Сынып жымын, әрбір оқушының жетістігі мен кемшіліктерін зерттеуде, білудегі бірлігі

Ә. Оқушы білімін бағалаудағы талаптың бірыңғайлылығы

Б. Үлгермейтін, нашар оқитын оқушылармен жұмыс

В. Сынып жетекшісінің сынып ұжымын ұйымдастырудағы әрекеті

4.                 Сыныптың тәрбие журналының толтырылуы, жоспар бекітілген бе, журнал беттері, іс-құжаттарының толтырылуы (Г.Л.Фриш бойынша)

5.                 Мектептегі информациялық банктің жұмысы

А. Кезекші сыныптың міндетін атқаруы

Ә. Информацияны тіркеуі, фактілермен жұмыс (форма бойынша)

6.                 Тәрбие әрекетіне талдау жасалуы, бағалауы, жоспарлауы (мониторинг, диагностикалау)

А. Жоғары орындардан: ҚР Білім және ғылым Министрлігі, облыстық білім департаменті, ОМКДИ-дан, аудан әкімшілігінен келген қаулы, шешім, өкім, бұйрық, нұсқау хат, шаралар, анықтама, алқа мәжілісі шешімдерінің есепке алынуы, орындалуы

7.                 Жоғары органдардан келген қатынас қағаздардың есепке алынуы, тіркеу журналының жүргізілуі

8.                 Жоғары орындарға жіберілген бұйрық, қағаздардың есепке алынуы

9.                 Бөлімнің алқа мәжілісінің шешімдерінің орындалуы бақыланады ма?

10.            Мектепішілік бақылау қалай жүзеге асырылады, жан-жақты тақырыптық бақылау мақсатындағы тексерулер жоспарланған ба?

11.            Бақылаудағы нормативтік құжаттардың жүзеге асырылуы

А. ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру іс шаралары

Ә. «ҚР құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алудың 2008-2009 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы» (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 23.01.2003ж. №41 бұйрығы, 26.02.2003ж №1,2 алқасының шешімі), осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық білім беру бөлімінің 06.01.2004ж алқа мәжілісімен бекітілген «Аудан мектептерінде жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмасқа қарсы күрестің алдын-алу жөніндегі 2004 жылға арналған іс-шаралар жоспары», мектептің шарасы

12.            ҚР наркомания мен наркобизнеске қарсы күрестің 2008-2009 жылға арналған бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2002 жылғы 25 маусымдағы бекітілген іс-шара жоспары, ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №736 қаулысы) Аудандық білім беру бөлімінің осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатындағы іс-шара жоспары

13.            ҚР Білім және ғылым Министрлігі жүйесінде ВИЧ/СПИД (ЖТҚБ/АТҚБ) эпидемиясының алдын-алуға арналған стратегиялық бағдарламасы (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 29 шілде 2002 жылғы №586 бұйрығы) Облыстық білім департаменті мен аудандық білім беру бөлімінің, мектептің осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатндағы іс-шарасы

14.            Діни экстремизмнің алдын алу (ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 9 желтоқсан 1999 жылғы №94 бұйрығы және 10 шілде 2001 жылғы №551 бұйрықтары) Облыстық, аудандық білім беру бөлімінің осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатындағы іс-шарасы, бұйрығы

15.            ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 07.07.2000 жылғы «ҚР білім мекемелеріндегі тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» туралы №701 бұйрығы, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралары, мектептің іс-шарасы

16.            ҚР президентінің Заң күші бар «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» қаулысының және облыстық, аудандық білім бөлімдерінің осы бұйрықты жүзеге асыру мақсатындағы іс-шаралары, мектептің іс-шарасы

17.            ҚР Үкіметінің «Оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру» жөніндегі қаулысы, облыстық, аудандық әкімшіліктің, білім басқармаларының, мектептің бұйрығы, іс-шара жоспарлары

18.            ҚР-сындағы «Халықтық санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту» туралы Заңы. Осы Заңды жүзеге асыру және оқушыларға санитарлық-гигиеналық, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту туралы мектептің іс-шарасы

19.            Осы шараларды жүзеге асыру мақсатында мектепте қандай нормативтік іс-құжаттар, бұйрықтар шығарылған, іс-шаралар атқарылған

20.            Осы шараларды жүзеге асыру мақсатында мектепте өткізілген апталық, онкүндік, айлық ашық есік күндерінің, «Денсаулық сағаты», «Құқық күндерінің» іс-құжаттары қалай жинақталған

21.            Тексеру материалдары қай жерде қаралған: педагогикалық кеңесте, КПК-те, әкімшілік отырысында, т.б. олардың материал, хаттамалары қалай жазылған, жинақталған ба?

22.            Педкеңес, КПК-тің қаулылары, шешімдері, бұйрықтар шығарылған ба, олардың орындалуы қалай бақыланады?

23.            Мектепішілік лездемелердің ұйымдастырылып, өткізілуі

Мектептердегі сауықтыру, тынығу және еңбек лагерлерінің ұйымдастырылуы

1.                 Мектеп жанындағы сауықтыру лагері қалай ұйымдастырылған?

            Жоспары жасалған ба?

            Балалардың тізімі алынған ба?

            Тамақтандыру мәселесі қалай шешілген, қаражат көздері анықталған ба?

            Күн режимі, жұмыс жоспары?

            Жататын орны дайындалған ба, төсек-орын саны қанша?

2.                 Профильді лагерь қай пәндерден ұйымдастырылған. Сабақ жоспары, сабақ кестесі бар ма? Мектеп директоры бекіткен бе?

            Оқушылардың тізім алынған ба?

            Мұғалімдер бұйрықпен бекітілген бе?

3.                 Палаталық лагерь қалай ұйымдастырылады? Орны белгіленген бе? Киіз үй тауып жабдықталған ба? Оның безендірілуі, жабдықталуы?

            Қаржысы, қызметкерлерінің саны, еңбек ақысы шешілген бе?

            Күн режимі, жұмыс жоспары? Сауықтыру жоспарлары жасалған ма?

4.                 Оқу-өндірістік бригадасының жетекшілері тағайындалған ба?

            Жұмыс көлемі, жұмыс жоспары, қатысушылардың тізімі жасалған ба?

            Тараптармен келісім-шарт жасалған ба?

            Еңбек қауіпсіздігі шаралары жасалған ба? (журнал, нұсқау т.б.)

5.                 Жөндеу – құрылыс бригадасының жетекшілері тағайындалған ба?

            Жұмыс жоспары, жұмыс режимі жасалған ба?

            Келісім-шарт, жұмыс көлемі жасалған ба?

            Оқушылардың еңбегіне ақы қалай төленеді?

6.                 Арендалық подряд. Келісім-шарт жасасатын ұжымдық шаруашылықтар анықталған ба?

            Оған қатысатын оқушылар анықталған ба? Тізімі бар ма?

            Еңбек қауіпсіздігі журналы арналған ба?

            Жұмыс мерзімі, оқушылардың еңбек ақысы белгіленген бе?

            Жетекшісі тағайындалған ба?

7.                 Мектеп жанындағы тәжірибе алаңында неше оқушы жұмыс істейді, тізімі алынған ба?

8.                 Орман шаруашылығында жұмыс істейтін оқушылар тізімі алынған ба? Оның жетекшісі тағайындалған ба?

            Орман шаруашылығы мекемесімен келісім-шартқа отырған ба? Жұмыс көлемі, еңбек ақы қалай төленеді?

            Еңбек қауіпсіздігі журналы арналған ба?

9.                 Жорық, экскурсиялардың маршрут картасы, жоспары жасалған ба? Жетекшілері бұйрықпен тағайындалған ба?

            Оқушылардың тізімі, жорық кезінде атқаратын міндеттері бөлінген бе?

            Техника қауіпсіздік Ережелері, журналы жасалған ба?

10.             Мектеп бойынша бұйрық шығарылған ба?

11.             Жазғы сауықтыру жұмысына, ИДН-дегі есептегі, көпбалалы, аз қамтылған, жағдайсыз жанұя, жетім, жартылай жетім, «Д» есептегі балалардың тартылуы?

Мектепалды даярлық жұмыстары

1.                5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы

2.                «Білім туралы» Заңының 23 бабы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

3.                ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22.11. №5762 қаулысымен бекітілген 5-6 жастағы балалардың міндетті мектепалды даярлығы туралы ЕРЕЖЕ

4.                Мектепалды даярлық сыныбының «тобының) базистік оқу жоспары

Сабақтың түрлері

Апталық

Апта саны

Жылдық сабақ

       

5.                Бұйрық «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жайлы»

6.                2008-2009 оқу жылында мектепалды дайындықты ұйымдастыру шарасы

1.      2008-2009 оқу жылында мектепалды дайындық сыныбында оқитын оқушылардың тізімі

2.     Мектептің мектепалды дайындық сыныбының сабақ кестесі

3.     Мектепалды дайындықтың сандық мәліметі

4.     Мектепалды дайындық туралы Анықтама

5.     Мектептегі мөлтекаудандағы 6 жасар балалардың тізімі 2007-2008, 2008-2009 оқу жылы

6.     2008-2009 оқу жылына консультативтік топ мүшелерінің сапалық құрамы

7.     Топ саны, оның мүшелері

8.     Педкеңесте, әкімшілік кеңесте тыңдалған ба? Қаулының орындалуы бақылана ба?

9.     Алфавиттік кітап, бұйрық кітабы, ОШ-1, штат есебі, 0-18 жастағы балалар есебінің (әкім мөрі, қолы расталған) сәйкестігі

10.                       Мөлтекаудан бойынша мұғалімдер есебінің дәйектілігі

11.                       Мектепалды дайындық әдістемелік құралдарын түгендеу

12.                       Бұрыш ұйымдастыру

13.                       Дәрігерлік анықтамалар

14.                       Алынған тестілерді жинақтау

15.                       Консультация дәптерінің (ата-ананың қолы) жүргізілуі

16.                       Сабақ жоспары (календарлық, айлық, жылдық т.б.) оның бекітілуі, сабақ кестесінің сәйкестігі

17.                      Оқушыларды түгендеу журналы

18.                      Мектепалды даярлық жөнінде әр мектеп анықтама әзірлеп, білім басқарма кураторларына тапсыру